№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жаңарықтың жігіттері жарады

Жаңарықтың жігіттері жарады


Өткен апта аудан спортшылары үшін табысты өтті. Жыл соңындағы турнирлер мен ел біріншіліктерінде жаңақорғандық жастар жеңіс тұғырынан көрініп, биылғы жылды жақсы нәтижемен қорытындылауда. Қараша айының алғашқы аптасын спортшылар қандай жетістіктерімен сүйіншілей алды, соны саралап көрейік.

Апта соңында Қыраш ауылдық округінде Әліпбай Өтеевті еске алуға арналған волейболдан аудан­дық турнир өтті. Жарысқа 7 ко­ман­да қатысып, кім мықтыны анықтады. Қазір аудандық, облыстық тур­нирлерде фаворит саналатын Жаңа­рық жігіттері жарыста алғы саптан көрінді.
Үнемі жеңістің алтын тұғырынан көрінетін Байкенже командасына бұл жолы қола бұйырды. Ал, жарыс қо­жайын­дары Қыраш волейболшылары ақтық сында Жаңарық жігіттеріне есе жіберіп, екінші орынды місе тұтты.
13 қараша 2019 ж. 585 0