№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жеңістің сыры – жігерде

Жеңістің сыры – жігерде


Жаңақорған ауданындағы волейбол спортында байкенжелік нәзік жандылардың орны биік. Мақтаулы команданы өрге сүйреуде Әселхан Сейденнің еңбегі бар. Сондықтан спортшыны кейіпкер еттік.

Белгілі бапкер Батырқожа Бабаевтың қол астында жаттығатын Әселхан облысқа танымал волейболшының бірі.
– Осыдан жеті жыл бұрын Батырқожа ағай жүргізетін волейбол үйірмесіне әкем әкелді. Отбасымда бәріміз спортқа жақынбыз. Оқушы кезімнен осы салада жүргенімнен болар, студент шағымда да волейболдан алыстап кете алмадым. Небір спорттық жарыстарға қатысып, талай бәсекелерде топ жардық, – дейді жас спортшы.
Спортты жанына серік еткен бойжет­кеннің жеткен жетістіктері де аз емес. Ол облыстық оқушылар спартакиадасының бірнеше дүркін чемпионы, облыстың бірнеше дүркін чемпионы. Бірнеше рет облыс бойынша волейболдан «Үздік ойыншы» атанды.
– Волейболшының биіктікке секіру қабілеті жоғары, әрі допты ұрғанда соққысы мығым болғаны дұрыс. Әселханның бойында бұл қасиеттер бар. Соның арқасында қаншама белестерді бағындырып келеді. Бұдан да биік деңгейдегі жарыстарда бағы жанар еді. Бірақ жас студенттің студент екендігі сәл кедергі етті. Оқу орны жауапты жарыстарға жібермейтін болғандықтан оның оқуына кедергі жасамауды жөн көрдік, – дейді бапкері.
Бапкердің сөзінше, кейіпкеріміз құра­ма командада үздік шабуылшының бірі. Қимыл қозғалысты көп қажет ететін волейболда допты қабылдау және қарсыластың шабуылына тосқауыл қою маңызды. Әселхан мұның бәрін жақсы орындайды. Бәрінен бұрын шабуылға шыққанда оны тоқтату мүмкін емес.
Биыл медицина колледжін бітірген Әселхан Сейдан қолы қалт ете қал­ғанда спорт залдан табылып, өзінің ізбасарларына ақыл-кеңесін айтады, әдіс-тәсілдерді үйретеді.
Спортта жетістікке жетуде мінез қажет. Қанша жерден техникалық, тактикалық дайындығы жақсы болғанымен ерік-жігердің жоқтығынан жеңіліп жатады. Сондықтан командаластарымды рухтан­дырып, жеңіске сендіремін. Содан болар, жарыстарда да биіктен көрініп келеміз, – дейді спортшы.
– Соңғы уақыттары байқап жүрмін, спортқа ден қойған жастар саны артқан. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жас ұрпақты тәрбиелеп, оларға салауатты өмір салтын қалыптастыруға жұмыс жасасақ, бұл атқарылған іс мемлекет үшін үлкен жетістік болмақ, – дейді Батырқожа Бабаев.
Бойжеткен спортшы қыздың әлі талай алар асуы алда. Оған біздер тілекші бола білейік. Сонда ғана жастардың бойында сенімділік пайда болып, патриоттық санасы өседі. Қорыта айтқанда, жас волейболшы қыздың биігі алда.

Лаура БИБАСАРОВА
01 қазан 2019 ж. 706 0