№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Қайрат" атауы қалай келді?

"Қайрат" атауы қалай келді?


1956 жыл. Алматының «Урожай» футбол командасы жергілікті қызылордалық командамен жолдастық кездесу өткізді. Қайтар сапарында команда мүшелері келісе отырып, Шиеліге соғып, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың батасын алуды көздейді. Сақырлаған сайдың тасындай сақа  жігіттердің бұл құрметін ыстық ықыласпен қарсы алып, күріш атасы  шәй-су ұсынады. Қысқасы, оларды қал-қадірінше күтеді. Кетер сәті келгенде футболшылар қол жауып, айтулы кісіден ақ бата сұрайды.
— Допты қууға да қуат қажет,  ол - дені сау, шыныққан, шираған  адамның қолынан келетін шаруа. Сен тұр, мен атайын дейтін әбжіл қарсыласқа әрекеті мықтықауқар керек. Сендердің жеңістеріңді күтіп  қанша мыңдаған  жанкүйер қолдап тұр. Демек, Қазақ елінің бас командасына «Урожай» деген ат сәйкес емес, есімнің де ерекшелігі бар. «Қайрат» деген қандай жарасымды. Жеңіске жетелейтін, ықыласқа ынта қосатын, намысты оятатын орайы бар. Реті келсе, осы жағын ойластырсаңыздар,— депті диқан батасында.
Осы жылы  Бүкілодақтық кәсіподақшылар орталық кеңесінің президиумы(ВЦСПС) «Урожай» ерікті спортшылар қоғамын «Колхозшы» республикалық спорт қоғамымен біріктіру туралы қаулысы шықты. Ол кезде КСРО кәсіподақшылар кеңесінің төрағасы В.Гришин болатын.Осыған орайРеспублика Министрлер Кеңесінің төрағасыД.Қонаевтың да қаулысы шығып, 18 маусым 1956 жылы  бірлескен пленум өтті. Пленумның алдына ерікті селолық спорт қоғамын «Егінші», «Тұлпар», «Өнім», «Алтын дән», «Күресші», «Дала  бүркіті», «Жастар» секілді аттар ұсыныс етіп қойылған еді. Бір қызығы, күн тәртібіне іліккен әлгі аттар назарға алынбады.Жиынның соңғы минуттарында бірлескен қоғамға «Қайрат» атын қою туралы ұсынысты кім айтқаны белгісіз, сол құпталып кетті. Мұны әлігі дейін ешкім кесі айта алмайды, біреу Д.Қонаевтан түскен ұсыныс деп болжайды.  Бірақ мұның түпкі ұсынысы Ы.Жақаевтан болғанын, ол Қонаевқа сөзсіз жеткені анық тұғын. Бүгінгі «Кайрат» футбол командасы да, спорт сүйер қауым бұл жөнінде бейхабар болар, бір белгілісі, «Қайраттың» қайратын қанаттандырған Сырдың киесі екенін ескеру керек.
Қаныбек Шәрібек
29 қыркүйек 2019 ж. 580 0