№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛБАСЫ 50 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ҰРПАҚҚА АМАНАТ ХАТ ҚАЛДЫРДЫ

ЕЛБАСЫ 50 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ҰРПАҚҚА АМАНАТ ХАТ ҚАЛДЫРДЫ

Назарбаев 50 жылдан кейінгі ұрпаққа аманат хат жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Биыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына 10 жыл. Осыған орай бүгін Назарбаев университетінде «Ұлы дала мұрагерлері» атты оқушылар мен педагогтардың форумы өтті. Салтанатты жиынға Қазақстан Президенті арнайы қатысып, болашақ ұрпаққа аманат хат жазып берді.

Шара барысында Зияткерлік мектебінің оқушысы Тұңғыш Президент күні алғашқы Зияткерлік мектепке уақыт капсуласын табыс еткіміз келеді деді. Осыған орай Ұлт көшбасшысынае Зияткерлік мектептердің 2068 жылғы түлектеріне аманат хат жазып қалдыруды өтінді.
Ал, хатта:
– Бұл 2068 жылғы ұрпаққа арналған хат. Қазақта «елу жылда ел жаңа» деген сөз бар. Ол кезде сендер әлі жас боласыңдар. Ол кезде жаңа технологиялар болады, адам деген 100 жыл, 120 жыл жасайтын болады. Сонда Құдай бұйыртса ашасыңдар да, мына хатты оқисыңдар, - делінген.
Хатты жазып, капсулаға салып болған соң Елбасы оқушыларға «хатты сақтап қойыңдар, оны ешкім алып кетпесін» деп қалжыңдады. Иә, аманатқа қиянат жасамайтын қазақ үшін мұндай дәстүр тек жақсылыққа үндейді. Сондықтан, тәуелсіздігімізді 50 жылдан кейін тұғырлы, бірлігімізді берік ұстайтын ұрпақ аман болсын...
01 желтоқсан 2018 ж. 1 351 0