№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЫБАЙЛАСТЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

СЫБАЙЛАСТЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде мәжіліс өтті. Оған аудан әкімі Ғалым Әміреев төрағалық етсе, Оңтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасы басшысы Руслан Тілеп қатысты. Сондай-ақ, сала басшылары мен ауылдық округ әкімдері бой көрсетті.
Оңтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 369-бабының 2-бөлігімен Шалқия кенті әкімдігінің және Төменарық ауылдық округі лауазымды тұлғаларына қатысты тіркелген №184340011000005 қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 200-бабының талаптарына сәйкес, алдағы уақытта заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Жаңақорған ауданы әкімдігіне ұсыну жолданған.
Осыған орай, 2018 жылдың 23 тамызында сыбайлас  жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұсынуды қарау мәселелері бойынша Жаңақорған аудан әкімдігінің мәжіліс залында барлық аудандағы мемлекеттік мекеме қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен  кең көлемде кездесу өткізілді.
Жиында басқарма басшысы Руслан Ибайдуллаұлы ҚР ҚК-нің 369-бабының 2-бөлігімен Шалқия кенті әкімдігінің және Төменарық ауылдық округі лауазымды тұлғаларына қатысты тіркелген №184340011000005 қылмыстық іс аясында, ҚР ҚПК-нің 200-бабының талаптарына сәйкес, алдағы уақытта заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жолданған ұсыну бойынша баяндама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді және ұсынуда көрсетілген тұлғаларға қатысты тиісті шара көру керектігін айтты.
Сондай-ақ, Жаңақорған аудандық әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Ж.Асылбайұлының жасаған баяндамасында, аталған ҚР ҚПК-нің 200 бабының талаптарында көрсетілген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар  жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою мақсатында мәжіліске қатысушылардың назарына жеткізді және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары үнемі түсіндірілетіні туралы айтып өтті және ұсыну көрсетілген тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылатынын айтып өтті.
Жаңақорған ауданының әкімі Ғ.Әміреев өз сөзінде алдағы уақытта аталған заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта құқықтық профилактикалық жұмыстар жүргізу керектігі туралы айтып, мәжілісті қорытындылады.
Мақпал ПАТЕНОВА.
25 тамыз 2018 ж. 1 316 0