«Ekin patrol» жүйесі қосылды
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге заманауи техникалық құралдар үлкен үлес қосатыны рас. Мәселен, аудан орталығында соңғы күндері жол ережесін бақылайтын бейнекамералар іске қосылып, тәртіп жүйеге келген еді. Одан бөлек, бірер күнде «Сергек» жүйесі де қосылады деп күтілуде, бұл тек жылдамдықты түсіретін құрылғы. Осыған орай, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жаңақорған ауданы көлемінде «Ekin patrol» борттық аппараттық бағдарлама кешені орнатылған арнайы авто патруль бүгіннен бастап қызмет атқаратын болады.
– Аталған құрылғының бейнекамерасы 360 градуста көріністі бақылайды. Сонымен қатар, стационарлық және қозғалыс кезінде жылдамдықты шектен тыс асырған көлік құралдарын анықтап, анықталған құқық бұзушылық деректері полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз, автоматты түрде базаға түсіп, электронды хаттама қаулысы 1 апта ішінде көлік иелерінің мекен жайларына жолданатын болады. Осы ретте, жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтап, тас жолдарда жылдамдық режимін асырмауларыңыз сұралады, – деді аудандық полиция бөлімі.
Тәртіп болғаны дұрыс, тек тұрғындар жаза басқандардың барлығы жазаланса дейді. Ол да жүйеге келе жатыр, қалғанын уақыт еншісіне қалдырайық.