№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қазіргі қоғамның айықпас дертіне айналған сыбайластық індетімен күрес қарқынды жүргізілуде. Әсіресе мемлекеттік қызмет саласында осы мәселе өте өзекті талқылауда тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін, «Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет» деп, алдағы атқарылатын жүйелі жұмыстардың нақты бағыттарын ерекше атап өтті.

Ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары, жастар арасында кездесулер, білікті заңгерлердің еңбек ұжымдарымен сұқбаттары және басқада шаралар тұрақты жүзеге асырылуда. Жаңақорған ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес комиссияның 4 отырысында 7 мәселе қаралып, барлық кент, ауылдық округ әкімдеріне, бөлім басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарға аса назар аударып, қосымша нақты іс-шараларды қабылдау бағытында тиісті тапсырмалар берілген. Комиссияның хаттамалық шешімдерінің тиісті бөлім, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарымен орындалуы тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда облыс әкімдігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген, барлық мемлекеттік органдарда орындалуға міндетті және сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытын көздейтін «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы ісқимыл» үлгілік базалық бағыты іске асырылуда. Бұл жоба сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңнама нормаларын сақтау секілді бағыттар арқылы жүргізілуде. Аудан көлемінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ағымдағы жылы аймақ басшысының тапсырмасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 4 мл 620 мың теңге қаржы қаралып, жоспарға сәйкес 13 іс-шара жүзеге асырылды. Кент және ауылдық округтердегі квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс қызметімен тікелей айналысатын қызметкерлердің лауазымдық міндеттері бекітіліп, аудан бойынша барлығы 30 сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметкерлері жұмыс жасауда. Биыл 22 мемлекеттік қызметкер Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс тақырыбында 40 сағаттық оқыту семинарына қатысып, біліктілігін арттырды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары тұрақты түрде жүргізіледі. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Мұрат ТІЛЕУІМБЕТОВ,
Жаңақорған ауданының әкімі
04 қаңтар 2024 ж. 1 209 0