№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » БІЛІКТІ БАСШЫ ҚҰРМЕТ БИІГІНДЕ

БІЛІКТІ БАСШЫ ҚҰРМЕТ БИІГІНДЕ


Іскер азамат – ел тірегі. Қай салада болсын жұмыстың алға басуы, оның нәтижелі болуы бірінші басшының іскерлігіне, біліктілігіне, өмірде жинаған тәжірибесіне байланысты.Бұл тұрғыдан қарайтын болсақ, Әбілғазы Төлегеновтің ауданның идеология саласында мәртебесі үстем, абыройы асқақ.Олай дейтініміз Әбілғазы Берденұлын аудан тұрғындарының басым көпшілігі бас идеолог ретінде де жақсы біледі. Себебі, ол темірдей тәртіптің адамы.Оның жан-дүниесіне үңіліп, бойындағы қасиеттеріне мән берген жан қарапайым болмысын бірден таниды. Дүние мен мансаптан ары таза, жастардың жанашыры, парасат-пайымы өн бойына жарасқан биязы басшы.


Еңбек жолын 1992 жылы Жаңақорған ауданы әкімі аппараты жастар ісі жөніндегі комитетінің бөлім меңгерушісі ретінде бастады. Одан кейінгі жылдары Жаңақорған аудандық жастар ісі, саяхат және спорт жөніндегі басқарма бас маманы, Жаңақорған ауданы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік мәселелер жөніндегі секторының бас маманы.Өзі туып өскен Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылдық округінің әкімі болып жауапты қызметті абыроймен атқарған.Қожакент ауылының іргелі елді мекен атануына Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында ауыл әкімі болып ел тізгінін ұстаған басшы ретінде ауыл шаруашылығында жүргізген реформаларды сәтті жүзеге асыра білген.Адалдық пен әділдікті қос пырағындай серік етіп, күрделі қызмете абырой биігінде көрініп, беделіне дақ түсірген емес. Ауданның қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтануына алтын уақытын арнап, күш-қайратын сарп етті.
Нақтырақ айтсақ, 2012-2021 жылдары - Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы ретінде ілкімді істердің көшін алға жетеледі.
Ол крезис менежерлер секілді мәселесі ауқымды жер қатынастары бөлімінің тізгінін 2021-2023 жылдары ұстап, халықтың талап-тілегіне құлақ асты.
Білікті басшы 2023 жылдың 10 қаңтарынан бастап осы күнге дейін аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Ел мүддесі жолында ілкімді істері еленіп, Жаңақорған ауданының 95 жылдық мерей тойында мерекелік медальға ие болып, мерейі үстем болды.
Біздің білікті басшымыз, Әбілғазы Берденұлы! Сізге әрдәйім абырой биігінде болуыңызды тілейміз!
02 қараша 2023 ж. 1 843 0