№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АтА ЗАң – жАрҚЫН БолАшАҚ БАғдАрЫ

АтА ЗАң – жАрҚЫН БолАшАҚ БАғдАрЫ

30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай жаңақорғандықтар Манап Көкенов атындағы Мәдениет үйінде өткен салтанатты шараны тамашалады. Өзі өмір сүріп жатқан қоғамның мызғымас бірлігі мен биік мәртебесін көксеген кім болсын ең алдымен тәртіпке тақ тұрып, заңға бағынады. Әлемдік деңгейде еңсе тіктеп, жаһандық өркениетте өзіндік имиджін қалыптастыруға бет түзеген жас мемлекетіміздің бір пұшпағында түтінін түзу ұшырып отырған Қаратау етегіндегі елдің де бұл атаулы күнге сүйіншілер жаңалықтары аз емес.

Салтанатты шараға қатысушылар алдымен аудандық Мәдениет үйі фойесінде жасақталған мерекелік көрмені тамашалады. Онда егемен еліміздің айшықты атрибуттары саналар мемлекеттік рәміздер мен олардың авторлары туралы, жаңақорғандықтардың соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерінен ұйымдастырылған көрме көптің көзайымына айналды. Сахна шымылдығын ұлт тарихын ұлықтаумен түрген мәдениет саңлақтары алдымен қазақ мемлекеттігінің түпқазығын қалыптастыруда қасиетті төрелігімен тұғыр бола білген, дала демократиясының діңгегі саналар дана билеріміздің кейпінде ел алдына шығып, тұлғалар көкірегінде ежелден арманға айналған ынтымақтың туын көкке көтеріп, рухты даланың заңын қастерлеп, әділ билік – алтын таразы екенін қасиетті даналық сөздермен даралап шықты. Қазақ деген ешкімге соқтықпай жай жатқан, бірақ намысын қолдан бермес ержүрек халықтың қайтпас, қайсар мінезін жасындай жарқыратып таныта білген өнер иелерінің шеберлігі көрермендер бойына рухты жігер дарытты. Келер сәтте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Аудан халқына мерекелік лебізін жеткізген Мұрат Жолкелдіұлының құттықтауы төмендегіше өрілді. – Қадірлі қауым, қымбатты жерлестер! Баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ата заңымыз батыр бабаларымыздан мұра болған әділетті дала заңы – жеті жарғымен үндесіп жатқаны үлкен құндылық. «Елу жылда – ел жаңа» демекші, Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Конституциямызға өзгерістер енгізіліп, жаңа заң нормалары қабылданды. Конституция – Тәуелсіз халқымыз үшін ең қастерлі де, қасиетті ұғым.
Әлеуетті заң мемлекеттің іргетасын бекітумен қатар әлеуметтік – экононмикалық, қоғамдық саяси дамуына басты бағдар береді. Сондықтан халық даналығы заң бар жерде тәртіп бар дейді. Біздің егеменді мемлекетіміз алтын заң аясында талай жетістікке жетті. Шекарамыз шегенделіп, мыңдаған нысандар бой көтерді. Халқымыз алыс-жақын елдермен әріптестік байланыс орнатып, әлемдік дейгейдегі ауқымды іс шаралар өтуде. Алпауыт елдердің Қазақстанмен әріптестік негізде қарым-қатынасына кең жол ашылып, елімізге инвестиция көлемі артты. Тәуелсіздік жылдары қасиетті Сыр елі, оның ішінде киелі Жаңақорған ауданы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ауданның экономикалық-әлеуметтік бет-бейнесі жаңарды. Жыл өткен сайын аудан ажары артып, ауылдарда жаңа ғимараттар бой көтерді. Мемлекет қаржысы есебінен салынған нысандар пайдалануға берілді. Бірлігі жарасқан аудан халқының игілігі үшін жасалған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді. Осындай өміршең істер бастауында біздің Ата заң және тәртіпке бас иген халқымыз тұр, – дей келіп, осындай заң аясында ынтымақты тіршілігін жалғап, табыс биігінен көрініп келе жатқан аудан халқына рахметін айтып, тәуелсіздішгіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы, бірлігіміз бекем болғай деген игі тілегін былай жалғады: Жаһандану заманында әр ұлтқа өзінің экономикасын ғана емес, табиғи болмысын сақтау өзекті. Құстың қос қанатындай бір жағы экономика, бір жағы руханият болу керек. Жаңа Қазақстан құру үшін қазақ халқына керек мәселе ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өмір салтына енгізу, барлық ғалымдар қолдап отырған осы идеяны Мемлекет басшысы да қуаттап, зиялы қауымға үлкен міндеттер жүктеді. Бұл құндылықтар біздің Ата заңымызда нақты көрінісін тауып, ел өмірінде де бір жүйеге түсіп келеді. Ұлттық құндылық ел көгіндегі шамшырақтай жарқырап тұрғанда айқын дамуымызға жол ашылмақ. Мыңжылдық тарихы бар жасампаз болашаққа жол сілтейтін өзекті болу керек. Ең бірінші құндылық – адам. Адамның адами қасиеттері ар-ождан құндылықтарымен өлшенеді. Ал екінші құндылығымыз отбасы. Жарасымды жанұя құрып, болашаққа саналы ұрпақ тәрбиелеу басты міндет. Асыл құндылығымыз – Отан, ол ел-жерді сүюмен сипатталады. Әркімге өзінің туған жеріне қызмет ету, оны гүлдендіру адал кәсіппен айналысып, адами қасиеттеріне берік болу міндет. Соның барлығының түп негізін қалайтын білімді ұрпақ Президент өзі айқындап бегілеген Ақпараттық Доктринада Ұлттық құндылықтар айқын көрсетілді. Елімізде отбасы және бала мәселесі бөлек қаралып, әр баланы адами капитал ретінде АтА ЗАң – жАрҚЫН БолАшАҚ БАғдАрЫ (Жалғасы. Басы 1-бетте) қарауға алғышарттар қабылдануда. Толық адам қалыптастыру концепсиясы білімді болуды ғана емес, білген-түйгенін ұлттық руханиятпен байланыстыру талабын көздейді. Ол үшін әрбір азамат туған тілді меңгеріп, салт-дәстүрді бойына сіңіргенде ғана ұлттық кодымыз берік болмақ. Жалаң білім толық адамды қалыптастыра алмайды. Сапалы ұлт негізін қалайтын адам капиталы білім, ғылым, инновация, салауатты өмір құндылықтарымен бекемделмек. Бүгінгі жағдайда қоғам мүшелеріне жағдай жасау, адами өмір салтын жақсарту басты орында тұр. Жастарымыз салауатты болып, қазақ атын әлемге танытатын балаларымыз көп болсын. Салтанатты шараның келесі бөлімінде ҚР Конституциясы мерекесіне орай марапаттау шарасы жалғасын тапты. Жаңақорған ауданы прокуроры Дабыл Аянұлы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сол сияқты осы марапатқа Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің басшысы Нұрлан Мірғалиұлы, Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы Мерейлі Жантөреұлы да ие болды. Одан әрі аудан әкімінің Алғыс хатымен Қыраш ауылының әкімі Бақытжан Қанжарбекұлы, Жаманбай батыр ауылы округінің әкімі Әлібек Асанбайұлы, көп жылдардан бері еңбек инспекторы, қазірде кәсіби медиатор Бұғыбай Әлиевтер марапатталды. Сондай-ақ, осы мінберден «Жебеуші» қоғамдық қорының әлеуметтік такси жүргізушісі Әбдеш Әбдіғаниұлы, Қызылорда электр тарату бөлімі акционерлік қоғамына қарасты Жаңақорған аудандық электр торабы кран жүргізушісі Сәрсенбек Темірбекұлы, Жаңақорған ауданы электр торабының бұрғылау аппараты жүргізушісі Данияр Тұрарұлы, аудандық су мекемесінің машинисі Берік Нұрәлиев, №164 орта мектеп шаруашылық меңгерушісі Темірханат Әбдіманапұлы, Жайна Маманқызы және Нәбира Бектұрсынқызы сынды «Құрметтеуге лайық жан» жобасына қатысушы аналар ие болды. Марапаттаудан соң фольклорлық ансамбльдің орындауында жергілікті сазгер Бәден Аясыновтың «Егемен Қазақстан» күйі орындалды. Әбілқайыр Сыздықовтың«Тұғырлы өлке Жаңақорған» әнін ҚР мәдениет саласының үздігі Рауан Бақтыбаев орындады...

Баян Үсейінова
31 тамыз 2023 ж. 1 718 0