» » Сайлауалды бағдарламаның сапасы һәм салмағы

Сайлауалды бағдарламаның сапасы һәм салмағы

Жыл басында саяси партиялар Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардан көп орын алып, саяси өмірде белсенділік танытуға ықылас танытқанын жақсы білеміз. Сол кезде сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, уәдені үйіп-төгіп, жайлы өмір қалыптастырамыз дегенді айқын-ды. Уәде – Алланың бір аты. Қазір халық партиялар тарапынан атқарылып жатқан бастамаларды таразылап отыр. Біз бұл жолы «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасы  қаншалықты орындалып жатқанын білдік.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Партияның сайлауалды тұғырнамасын тиімді іске асыруы еліміздің өркендеуін, әділдіктің үстемдігін, заңдылық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететініне сенімім мол», деген еді. Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы», деп бағасын берген-ді.
Осы бағыттағы жұмыстар қаншалықты атқарылуда. Мұны «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Байқожаұлынан білдік.
– Баршаға тең мүмкіндік, зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт, экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы, халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар сынды басымдықты негізге алып, партияның аудандық филиалы 7 басымдықты қалыптастырды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар баршылық, – деді ол.
Бүгінде бағдарламадағы жайлы аудан басымдығын жүзеге асыруда инфрақұрылым сапасын арттыруда бірқатар жемісті жұмыс бар. Оған аудан орталығы мен елді мекен көшелерін орташа жөндеуге басымдық бергенін және бірқатар ауылға көкілдір отынды жеткізу бағытындағы жұмысты айтуға болады.
– Жол – өмірдің күретамыры. 2021 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолының үлесін  95,3 пайызға жеткізу жоспарланса, аудандағы Самара-Шымкент-Аққұм автомобиль жолына орташа жөндеу жұмысын жүргізу үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Осы аталған жобаға қаржы бөлінген жағдайда аудан межеден шығады. Ауылішілік жолдар орташа жөндеуден өтіп, халықтың игіліне берілуде. Партияның сайлауалды бағдарламасында жыл сайын 3 шақырым жолды жөндеуден өткізуді жоспарлаған. Сонда 5 жылда 15 шақырым жол жөндеуден өтуі тиіс. Биылғы жылдың өзінде 50,4 шақырым жол жөндеуден өтеді. Яғни, 5 жылдық жоспарды орындап қойды деген сөз, – Мәжит Балқожаұлы.
Ол сөзін дерекпен дәлелдей түсті. Биыл 57 көшені жөндеу қарастырылса, оның 21-і жөндеуден өтті. Мысалы, Төменарықта – 8, Қыркеңседе – 4, Бесарық пен Қожакентте – 3, Жаманбай батыр, Қожамберді мен Байкенжеде – 2 көше жөнделеді. Сондай-ақ, М.Нәлібаев, Сүттіқұдық, Аққорған, Кейден, Сунақата, Өзгенттің бір көшесіне асфальт төселеді. Жаңақорған кентіндегі Ж.Тағаев, З.Мұсаханов, Қ.Сағырбаев, Е.Белсенбаев, О.Қашқынов, Ы.Алтынсарин, А. Абуталипов, А. Сүлейменов,  Т. Шалапов, А. Еламанов, Ипподром 22\6, Ипподром 24, С.Ұрымбеков, Д.Романов, А.Исаев, С.Сапарбаев, Қоңқабаев, Өркендеу, Ы.Скендиров, М.Есболғанов, Жібек жолы сынды көшесі жөндеу көреді.
Бағдарламаға енгізілген әк зауытының құрылыс монтаж жұмысы аяқталып, бүгінде толық қуатында жұмыс істеуде. Ауданның  тау беткейінде орналасқан елді мекендердің суармалы жерлердің аумағын жайылымдық жерлер мен егістік алқаптардың мақсатын өзгерту арқылы кезең-кезеңімен кеңейтуге қаралған. 2021 жылы Қыркеңсе – 50 гектар (га) жерге суармалы жерге айналдыруы тиіс. 2022 жылы Шалқия – 90 га, Бесарық – 24,7 га, 2023 жылы Жаңақорған кенті – 3 га, 2022-2025 жылдары Сүттіқұдық – 800 га жеткізуі тиіс. Биыл Қыркеңсе ауылдық округінде Серік Мырзабаев – 50 гектар жайылымдық жерді суармалы жерге айналдырды. Онда егілетін дақыл түрі – жоңышқа, күріш. Ауданның тау беткейіндегі шаруашылық жүргізуші субьектілері 244 га суармалы жерлерге жеткізді.
Асыл тұқымды мал басының үлесін көбейту мақсатында, асыл тұқымды мүйізді ірі қараның үлес салмағын арттыру бойынша 4,5  пайызға бекітіліп, қазіргі таңда 6,2 пайызға орындалды.
Ақүйік, Қыраш, Кейден, Төменарық, Жайылма, Шалқия, Құттықожа елді мекенін маздандыру мақсатында облыстық, аудандық бюджеттен қаржы қарап, жоба-сметалық құжаты әзірленуде. Бірлік, Қыраш елді мекенінің көшелеріне газ тарату құбырларын салу жобасына облыстық бюджеттен 20 млн теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаты әзірленді. Қазір мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.
Барлық ауылдық округтерде волонтерлік клуб құру арқылы волонтерлік қозғалысты дамытуды көтермелеу, 26 кент, ауылдық округтерде барлығы 160 адам воленторлыққа тартылған. Жасыл ел бағдарламасы аясында, 16-29 жас аралығындағы 80 жұмыссыз жас пен студент тиісті жұмысты атқаруда.
Ауданда тұрғын үй кезегінде 800 адам, жер кезегінде 6624 адам тұр. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынатын тұрғын үй пәтерлер санын 241-ге жеткізу жоспарланды. Жаңақорған кентінен 2 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысын қаржыландыруға 330878,485 мың теңге қаржыға бюджеттік өтінім ұсынылды. Алайда, қаржы қаралмай, қажетті қаржы тиісті бюджеттен бөлінбеуі себепті құрылысын бастау мерзімі белгісіз екен.
Ал, 18 пәтерлік 2 тұрғын үй құрылысы бойынша 2021 жылдың 2 маусымында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасымен тұрғын үй құрылысы алынып, оның орнына Ипподром аумағынан 300 орындық мектептің құрылысы енгізілу мақұлданды.
Партияның аудандағы өкілінің сөзінше, кезек күттірмейтін маңызды мәселер дер кезінде шешілуде:
– Сайлауалды бағдарламадағы барлық мәселелер өз шешімін табуда. Жайылма су қоймасы жөнделіп, диқандарға тиісті аяқ су жеткізілуде. Бірлік ауылындағы балабақша бой көтеруде. Одан бөлек, Бірлік, Қыраш сынды елді мекендерге газ жүргізу жұмыстары да оң шешімін тапты, – дейді ол.
Ендігі кезекте әлі де орындалу үстіндегі және мүлдем әлі бастау алмаған шаралар жайлы да тоқтала кетсек. Азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Саяжай және Алтынсарин аумағында әлеуметтік дүкен салуға жер телімі рәсімделіп берілген. Бірақ, дүкен ашу жөніндегі мәселе толыққанды шешімін таппай отыр.
Бағдарламадағы тең мүмкіндіктер қалыптастыру басымдығы бойынша 5 ауылдық округте материалдық көмек көрсету пунктін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету пункті ашулы тиіс-тұғын. Бірақ әлі бірде-бір ауылда мұндай пункт ашылған жоқ.
Бас партияның сауалды бағдарламасында 2021 жылы орындалуы тиіс басымдықты осылай сараладық. Бұдан бөлек, рухани-мәдени, спорттық шаралар бағытында атқарылған істер көп.
Ескертекететіні, біздіңаудандасайлауғабелсендіқатасатынпартияларарасында «Ауылды» ерекшеатауғаболады. Алдағыуақыттабұлпарияныңдасайлауалдыбағдарламасыжайындаарнайытоқталатынболамыз.

Әсел РЗАЕВА
14 тамыз 2021 ж. 1 504 0