№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 7-ші шақырылымның 7 айдағы жетістігі

7-ші шақырылымның 7 айдағы жетістігі

Депутат – халықтың мұң – мұқтажын билікке жеткізуші тұлға. Жоғарғы орындарға депутаттық сауал жолдау арқылы  халық қалаулылары қарапайым халықтың өтініш-тілектерінің шынайы іске асырылып, қалыпты өмір дағдыларының салтанат құруына барынша жағдай жасауға тырысады.
Жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың жаңа құрамы депутаттық корпус жұмыс ережесіне сәйкес аудан­ның әлеуметтік өсіп-өркендеу  бағытында атқарушы және уәкілетті органдармен тығыз байланыста жұмысын өрістете отырып, өз міндеттеріне байыптылықпен кірісті. Биылғы бір ерекшелік, пар­тиялық праймериз іріктеуінен өткен талаптылардан таңдалған сапалы құрамның 15-і «Nur Otan» партиясы мүшелері болуы партияның Сайлауалды Бағдарламасының жүйелі іске асуына үлкен серпін беріп отыр.
«Nur Otan» партиясының бұл басты бағдарында ауданды дамытудың жеті басымдығы айқындалған болатын. Басты ұстанымы туған өңіріміздің саяси және экономикалық әл-ауқатын орнықтыру нәтижесінде 1. Экономикалық тұрақты аудан, 2. Жайлы аудан. 3. Әлеуметтік бағдарланған аудан. 4. Жастарға арналған аудан. 5. Тарих пен мәдениетті дамыту, 6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар. 7. Қауіпсіз аудан деңгейіне көтеруді мұрат еткен мазмұнымен ел көңілінен шығып отыр. Басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасауын қамтамасыз ететін Бағдарламаның жүйелі іске асуын қадағалауда мәслихатта  экономика және әлеуметтік мәселелер бойынша 2 комиссия құрылды. «Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихаттағы фракциясына жетекші болып Әсемкүл Тілеубергенова сайланды.
Бұл жаңа құраммен 2021 жылы 9 сессия. 2 кезекті, 7 кезектен тыс сессия болып өтті. 2021-2023 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер енгізу 5 рет талқыланған.
Сессияда қаралған мәселелер және олардың орындалу барысы жөніндегі сауалымызға аудандық мәслихаттың жатшысы Ғалымжан Сопбеков былай деп жауап берді:
– Аудан мәслихатының 7 шақыры­лымдағы кезекті 5 сессиясында аудандағы кәсіпкерліктің жай-күйі және оны қолдау мен дамыту мәсе­лелері, жолдар инфрақұрылымы, ауданда жарықтандыру желілерін жаңалау, ауылдарға трансформатор орнатуға қаржы қарау, кент пен елді мекендерді спорт алаңдарымен қамтамасыз ету бойынша елдің талап-тілегінен туындайтын міндеттердің шешілу жолдары талқыланды. Жұмысымыз жеміссіз емес, кентте 8 көшені талапқа сай етуде қаржы бөлгізуге қол жетті. Жалпы, Жаңақорған ауданы мәслихат депутаттары жыл басынан бастап аудан орталығында және елді мекендер тұрғындарымен кездесулер өткізді. Мәслихат депутаттары Жаңақорған кенті тұрғындарымен кездесу бары­сында көше жарығын орнату, көше бойларында бей-берекет жүретін үй жануарлары егелеріне тәртіптік шара көру, жаңадан түсіп жатқан көшелерге тас төгіп, тұрғын үйлерге ауыз су жүйелерін орнату, бағдаршам белгісін тұрақтандыру сынды мәселелерді жиі көтерсе, елді мекен тұрғындарымен болған кездесуде көп ретте интернет желісінің нашарлығына, газдандыру, тозығы жеткен электр бағаналары ауыстыру, жұмыссыздықты азайту үшін жеңілдік несиелер алудың жолдарын талқыға салды. Міне, осындай Іс-шаралар барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде және депутаттардың қолдауымен кенттің бірқатар көшелеріне орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп немесе жобалық сметалық құжаттары әзірленді. Олардың ішінде  Май бекетіндегі №4 көшеге тас төсеу және С.Сапарбаев,  Өркендеу, Е.Қоңқабаев, І.Іскендиров, М.Есболғанов, Жібек жолы, Т.Шалапов, А.Еламанов, «Ипподром», Д.Романов, «Саяжай» мөлтпек ауданы, А.Ержігітов көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары біртіндеп атқарылуда. Сонымен қатар кенттің май бекеті, Саяжай мөлтекаудандарында шағын спорт алаңдарын салу және көше жарығы мен трансформаторларды орнату жұмыстары үнемі мәслихаттың бақылауында. Алдағы болатын сессияда мектепке дейінгі мекемелерде әр балаға бөлінетін қаржыға қатысты қайта қарап, №254 мектепті орта мектепке айналдыру мен №54 мектебінің шатырын жаңалау, ғимаратын қоршау мәселесін ұсынбақпыз. Сол сияқты 19 тауар түрлеріне әлеуметтік дүкен ашу талабы бойынша ауыл әкімдеріне жолдаған хатымыздың қорытындысын саралап, қарапайым халық үшін қажетті жағдай жасаудың бұл тетігінің жылдам және сапалы іске қосылуына дем бермекпіз.
Ал 2 тоқсанда Бюджеттің атқарылуы туралы аудан басшылығының есебі мен ауыл округі әкімдерінің хабарламасын тыңдап, ауылда атқарылып жатқан 5 жылға даму бағдарламасының қалыптасу индикаторларының нақты бағасын беру арқылы көптеген кезекті мәселелердің шешілуіне  мән беретін боламыз, – дейді.
Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында кент әкімі және ауыл әкімдерінің атқар­ған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы мәселесіне баға беру өзекті. Бұл тұрғыда кентте аудан тұрғындарын ауыз сумен, газбен қамтамасыз ету мәселелерінде біршама ілгерілеушілік байқалғанымен тазалық жайы күр­делі күйінде қалып келеді. Халық қалаулылары тазалық мәселесінде қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу мен кәдеге жарату  жүйесін құру және дамыту шаралары туралы жоспарлы тәртіп орнауы тиіс деп санайды.
Ел ішіндегі ең өзекті мәселенің бірі – жол инфрақұрылымына келсек, бір кездерде обьективті себептерге байланысты автомобиль жолдарын күтіп ұстауға  және жөндеуге жеткілікті қаржы бөлуге мүмкіндік болмаған. Осыны ретке келтіруде жөндеу жұмысы жан-жақты жүргізілгенімен сапасының төмендігі көзге ұрып тұратыны жасырын емес. Осы келеңсіздіктің жолын кесуде халық қалаулылары кәсіби мамандармен біріге рейдтерге де шығып, ықпалды іске кіріскенін жұртшылық әлеуметтік желідегі ақпараттан да аңғарып, нақты көз жеткізіп келеді.
Жалпы, Жаңақорған ауданы мәслихатының депутаттары жыл басынан бері кент орталығында және елді мекендерде жұршылықпен кездесулер өткізіп, тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде игілікті қадамдардың іске асуына мұрындық болып келеді.
Баян Үсейінова
07 тамыз 2021 ж. 486 0