«Nur Otan» партиясының XХV конференциясы өтті
"Nur otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының кезектен тыс ХХV конференциясында конференциясында партияның атқарған жұмыстары сараланып, жетістіктері айтылды. Халықтың сенімін жаулап алған қоғамдық бірлестік халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, елді-мекендерде инфрақұрылымдық жобалардың іске асуы, тұрғын үй мәселелері талқыланды.
Оған Жаңақорған ауданының әкімі, партияның саяси кеңес мүшелері және сала басшылары, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
"Nur otan" партиясының мүшелері барлық бағыттар бойынша белсенді жұмыс істеуі керек. Аудандық филиал төрағасы Руслан Рүстемов осыны айтты.
– «Нұр Отан» партиясы ашықтық пен жариялықты қолдай отырып, әрбір қазақстандықтың Отан алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, өзінің жеке қабілет-қарымын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау білдіреді. Оған елімізде демократиялық принциптерге негізделе отырып тұңғыш рет өткізілген праймериз дәлел бола алады. Біздің басты жетістігіміз – ел Тәуелсіздігі, біздің идеямыз – Қазақстанды өркендету, – деді Руслан Рүстемұлы.
Келесі сөз кезегін алған партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев әлеуметтік бағдармаларды сапалы атқарып, елдің әлеуемтін көтеру бағытындағы ойларын ортаға салды.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
Пікір 1