Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызмет көрсету 100% онлайнға көшеді

Мемлекеттік қызмет көрсету 100% онлайнға көшеді

Үкімет басшысы Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Жиында мемлекеттік бағдарламаны жетілдіру, ішкі істер органдарын цифрландыру және жер телімдері мен инженерлік коммуникациялардың цифрлық картасын жасау мәселелері қаралды. Биыл сәуір айында Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимінде цифрландыру жөніндегі жұмыстың нәтижелеріне талдау жасауды және бөлінген қаражатты тексеріп, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қайта қарауды тапсырған еді. Осы орайда жобаның негізгі 10 бағыты жарияланды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 100%-ін онлайн-форматқа көшіру, цифрландыру саласына инвестиция көлемін 500 млрд теңгеге дейін жеткізу, IT және электрондық өнеркәсіп экспорт көлемін 200 млрд теңгеге дейін жеткізу, 1 мыңнан астам жаңа инновациялық компанияларды құруға және 100 мың IT-мамандарды даярлауға ықпал ету жоспарлануда.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/431554-memlekettik-yzmet-k-rsetu-100-onlajn-a-k-shedi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
23 қазан 2020 ж. 580 0