№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Президент: Денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ

Президент: Денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ

"Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты.
Бұл  – өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерт.
Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсуде.
Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мәселе бойынша біз тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз.
Дегенмен, мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едәуір көбейді.
Көптеген елдердегі жағдай бізден де қиын.
Дегенмен, «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде.
Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуінде. 
09 шілде 2020 ж. 500 0