» » Голландия әлем картасынан алынып тасталды.

Голландия әлем картасынан алынып тасталды.

Нидерландыны белгілеу үшін «Голландия» атауы ресми түрде тоқтатылды.


2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті билік, жеке компаниялар мен университеттер тек Нидерланды атауын қолданады деп хабарлайды The Guardian басылымы.
Үкіметтің пікірінше, мұндай шешім туристік ағымды қайта үлестіреді. Қазір саяхатшылардың көпшілігі тарихи Голландияға Амстердам, Харлем, Гаага қалаларымен барады. Олар туристік ағымға төтеп бере алмайды. Билік атауын өзгерту арқылы олар туристердің танымал емес аймақтарға қызығушылығын тудыруға, сондай-ақ «нашақорлар үшін жұмақ» имиджінен арылуға ниетті.
Сонымен бірге, «қызыл жарық аудандарына» экскурсиялар толығымен дерлік жойылып, заңсыз сойқандардың саны азайды. Ел билігі бұл атауды реформалау үшін шамамен 200 мың евро бөлді. Солтүстік және Оңтүстік Голландия - Нидерландыда орналасқан екі провинция. Тарихи деректерге сүйенсек, І Петр дипломатиялық сапардан еліне оралған соң қателікпен Голландия деп аталып кеткен.
04 қаңтар 2020 ж. 649 0