№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан атауын Қазақ Республикасы деп өзгерту ұсынылды

Қазақстан атауын Қазақ Республикасы деп өзгерту ұсынылды

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Азат Перуашев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған сауалында Қазақстан атауын Қазақ Республикасы деп өзгерту туралы ұсыныс тастады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті.

Мәжіліс депутаты мұндай бастаманы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 5 жыл бұрын Мәңгілік ел концепциясын талқылау барысында айтқанын еске салды.
«Біздің ойымызша, Елбасы ұсынысын іске асыратын кез келді. Қараны – қара, ақты – ақ, қазақты – қазақ деп атауымыз керек. Тіпті тоталитарлық совет өкіметі мойындаған Қазақ атын республикамызға қайтару – тек тарихи әділетті құрметтеу ғана емес, сонымен қатар, барша көпұлтты отандастарымыздың бірлігі мен ынтымағын одан әрі нығайтуға серпін беретініне сенімдіміз», – дейді Перуашев.
Сонымен қатар ол Қазақ Республикасы атауының шығу тарихына тоқталды. 1920 жылы Мәскеуде өткен СовНарКом отырысында Алаш Орда қайраткерлері Әлімхан Ермеков, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және басқалары сөз сөйлеп, жүргізілген ғылыми экспедициялардың мәліметін негізге ала отырып, қазақ жерінің тұтастығын дәлелдеген.
«Нәтижесінде, сол жылы Автономды Кеңестік Республика құрылып, 1925 жылдан бастап оған халқымыздың төл «Қазақ» деген атауы берілді. 2020 жылы мемлекеттілік тұрғысынан болашақ тәуелсіз Қазақстанның іргетасына айналған, КСРО құрамындағы Қазақ Республикасының, нақтылап айтқанда Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толады. Қазақстан атауымен қатар ресми түрде қолданылуы үшін – Қазақ Республикасы атауын қайта енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», – дейді мәжілісмен.
24 қаңтар 2019 ж. 1 039 0