№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Алдағы уақытта елімізде аптап ыстық болады

Алдағы уақытта елімізде аптап ыстық болады


Қазақстанның бірнеше облысында аптап болады, осыған байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Казгидромет РМК орталығына сілтеме жасап. 
25-26 мамырда Павлодар облысында 35-38 градус ыстық болады. Павлодар қаласында осы күндері күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа жетеді.
24 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда 24 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 25-26 мамыр күндері облыста 42 градус ыстық болады деген болжам бар.
Қызылорда облысында 24-26 мамыр күндері 40-43 градус ыстық болады, кей жерлерде шаңды дауыл сақталады. 24 мамырда облыстың басым бөлігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде 23-28 метрге жетеді.
24-25 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шығыс желі сақталады, екпіні секундына 23 метрге жетеді. 24-25 мамыр күндері батыста 40 градус ыстық болады. 24-25 мамыр аралығында Түркістанда жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 24-25 мамырда 40 градус ыстық болады.
Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК болжамын негізгі ала отырып, Алматы облыстық ТЖД 25-26 мамыр күндері аймақта 37 градусқа дейін ыстық болады деп ескертті және тұрғындарға үйде қалуды ұсынды. Сондай-ақ, қатты ыстық кезде табиғи өрт пайда болу қаупі артатынын ескертті.
24 мамыр 2020 ж. 1 177 0