№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Биқасап шапан деген не?

Биқасап шапан деген не?



«...Бір күні, Атаң отырған үйді сыпырып-сиырып тазарта бастадық. Бір ғаріптің жолға шыққанын Көкеңе айтыпты. Ертеңіне, тура кірешілер секілді, аттылысы, түйелісі бар бір топ адам сау ете қалсын. Бір әйелді түйеге шандып таңып тастапты. Адамның сұлуы екенін кейін көрдік. Қаратау жақтағы бір байдың келіні екен. Түсіргеніне бір ай болмастан науқасқа шалдығыпты.

Түйеге неге таңып әкелгенінің сырын кейін естідік. Сап-сау сияқты болып келе жатқанда, мінген атынан түсе салып, қаша жөнеліпті. «Мынау, Әжінің жұрты, баспаймын» деп шырылдап, әзер ұстатса керек.

Ондай шалықтап ауырған адамдарды Атаң бір жеті, әрі кеткенде он шақты күннен асырмай еліне қайтаратын. Әлгі бейбақты қырық күннен аса ұстады. Байдың аты, бай емес пе. Күтуге келгендердің өзі бір ауыл. Үйлері тігулі, малдары союлы. Келіншек күнде таңертең Атаңа келіп, ем алады. Ем болғанда, Атаң дұға оқиды.
Мана алды дедім емес пе. Сол келіншек, қырық күнде арасына ақ тайлақтың жүнін жұп-жұқа етіп тартқан, биқасап деген матадан шапан тігіп, Атаңа сыйлады. Қолмен сырығанын көрсең, арасына шынашақ сыймайды-+ау. Міне, сол шапанды әбден тозығы жеткенше Атаң киіп жүрді. Адам баласынан алғаны, сол жалғыз шапан». Апасы айтқан осы бір қырық жылғы әңгіме, түндегі түстен кейін есіне қайта оралып еді.
Иген ХАСЕНҰЛЫ («Шамшырақ» кітабынан).
19 мамыр 2020 ж. 1 164 0

Ұқсас жаңалықтар: