Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Садақаны ықыласпен жасырын беру

Садақаны ықыласпен жасырын беру


Мұны бейнелеп айтқанда – оң қолының бергенін сол қолы көрмей қалған адам.
Бір имам жамағат намаздан кейін:
“Мен біршама қаражатқа мұқтаж болып тұрмын. Алла ризашылығы үшін қол ұшын бермес пе екенсіздер?” – дейді. Жамағат ішінен ешкім суырылып шыға қоймайды. Имам кешке үйінде отырса, бір намазхан рұқсат сұрап кіреді де: “Сізге қажет болған қаражат – міне. Алла ризашылығы үшін әкеліп тұрмын” – деп әкелгенін қолына ұстатып, кетіп қалады.
Келесі күнгі жамағат намазында имам көпшілікке қарап: “Жамағат! Кеше мен сіздерге қаражат қажет болып жатқанын айтып едім. Орталарыңыздағы пәлен деген кісі маған сол мөлшердегі қаржыны әкеліп берді. Қане, сол кісіге Алла разы болсын деп қол жайып, дұға етіп қоялық” – дейді.
Сонда қаражат берген кісі: “Құрметті жамағат! Мен ешқандай қаражат берген жоқпын, берген болсам, өзіме қайтадан бере қойыңызшы” – деп имамнан қаржыны алып, үйіне кетіп қалады. Имам түкке түсінбей, аң-таң боп қала береді. Сол күні тағы да кешке үйінде отырса, кешегі кісі келіп кіреді. Сөйтеді де: “Мен сізге кешегі қаражатты Алла ризашылығы үшін, ықыласыммен жасырын берген едім. Сіз оны көпшілікке жариялап, менің сауабымды кемітетін іс қылдыңыз. Сонсоң сізден қаржымды қайтарып алуыма тура келді. Енді, міне, кешегі ақша, мынау тағы сондай мөлшердегі қаржы, сізге Алла ризашылығы үшін беріп тұрмын. Қабыл алыңыз, бірақ бір өтінішім – мұны енді ешкімге айта көрмеңіз” – депті.

Материал Зәуре Дәулетованың парақшасынан.
05 қаңтар 2020 ж. 1 182 0