№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Шешең қайда?!

Бала кезімнен есте қалған мына жағдай мені қатты толқытады. Әкем көшеден келгенде ең бірінші сөзі" шешең қайда" болатын. Әдетте анам асханада, не тігіс тігіп, бір шаруалармен айналысып, қапелімде көзіне көрінбей қалса керек. Бір қызығы біз де (жеті баламыз) мектептен келе сала "апам қайда" деп сұрайтынбыз.
Мектептен көрген білгенімізді, апайдың тапсырмасын тек анамызға айтуға асығатынбыз. Әкемді болған болмаған әңгімелерімен көп мазаламайтынбыз. Бірдеме қажет болса да анама айтамыз, анашым әкеме айтады. Сосын,жоғарыдан үкім күткендей , анамның аузын аңдып жүретінбіз). Кейбір мәселелерді анам әкеме жеткізбей-ақ өз арамызда шешіп жіберетін.
Осы күні өзім де бір баланың анасымын. Менің балам да мектептен келе салып,мені іздейді. Тіпті жолдасым да көшеден келе сала, алдынан жүгіріп шыққан баласына "шешең қайда" деп сұрайды. Әрине үйде болам, ас үйде жолдасымның келуіне тамақ әзірлеп жатам кейде, міне сондай уақытта "шешеңді шақыр" дейді. Оның іздейтінін білем, сондықтан көбіне айтқызбай-ақ алдынан жүгіріп шығамын. Сондағысы :
- Не істеп жатсың?
-Тамақ істеп жатырмын.
-Пісті ме?
-Қазір дайын болады.
-Бара бер.
Болды. Басқа сұрағы жоқ.Бірде әдейі жолдасымды сөзге тарттым:
-Неге осы көшеден келе сала мені іздейсің,не үшін?
-Әдет қой.
-Тарқатып айтшы,не әдет?
- Жәй,сенің үйде күйбеңдеп жүргеніңді көріп,көңілім орнығады.
Бәрі дұрыс екен деген іштей сенім пайда болады- деді.
Иә, қалған, айтылмаған, жеткізе алмаған сөздерін көзінен ұқтым. Ер адамға отбасы тыныштығы, балаларының бақыты ғана керек. Айрандай ұйып отқан отбасын көріп, іштей марқайса керек!..
04 қаңтар 2020 ж. 989 0