№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бал арасының өнімі жайында

Бал арасының өнімі жайында


Баяғыда бір бала балды көп жейтін көрінеді.
Әке-шешесі қанша айтқан мен бала балды мөлшерсіз жегеннен бас тартпапты. Содан не керек "бір ақсақал-әулие бар екен, соған барыңдар, сөзі өткір" деп кеңес берген екен. 
Әке-шешесі баласын ертіп ұзақ сапардан айтылған әулиеге келіп хәл-жағдайын айтып берген екен. 
- Барыңдар. Тура 40 күннен кейін келіңдер, депті. Елдеріне оралып тура 40 күннен кейін қайта келіп-баланы ана кісінің алдына отырғызса-әлгі әулие кісі:
- Балам, балды көп жеме. Жесең аздап же. Әке шешең көп жегеннің зиян екенін айтыпты. оларды тыңда. Сөздерін жерге тастама. Тәрбиелі болып жүр, өзің ақылды баласың, деп бәрінің айтқанындай кеңесін беріпті. Ғажап күткен ата-ана естігеніне аң-таң өздері сенбей елдеріне оралыпты. Содан ұлдары балды баяғыдай емес әке-шешесінің айтқанындай жеп, оларды тыңдап , өте тәрбиелі бола шығыпты.
Өзгеріске таң қалған әке баяғы кісіге оралып:
- Айтқаныңыз біздің айтқанымыздан өзгеше емес еді. Оған қоса бізді 40 күн күттірдіңіз. Бұл қалай болған іс?
- Сіздер келген күн таңғы аста бал мен шәй ішіп едім. Өзім жей тұра басқа біреуге жеме деген болмайды ғой. Сол үшін тура 40 күн балды мүлдем жемедім, депті.
18 қараша 2019 ж. 708 0