№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аллаһтың құдіреті шексіз

Аллаһтың құдіреті шексіз

Баку қаласындағы ауруханада жұмыс жасап жүрген кезім еді. Бір күні бір жас жігіт ауруханамызға келіп түсті. Жағдайы өте ауыр еді. Мен ол жігіттің соңғы деміне куә болдым. Мен оған: 
— Cоңғы сөзің кәлима болсын. «Әшхәду Лә Илләһа ил Лә Аллаһ, уә Әшхәду Әнна Мухаммадән расул Аллаһ» деп айтшы, — дедім. Бірақ, оның жағдайы өте ауыр болғандықтан, бұл сөзді айта алмады. Уақыт өткен сайын жағдайы ауырлай түсті. Оның кәлиманы айта алмай тұрғанын көріп, Аллаһқа дұға жасадым: 
— Уа Раббым, сен — шексіз мейірім иесісің! Осы пендеңнің күнәларын кешіріп, оған Жәннатты нәсіп етші, — деп Дұға жасап болғанымнан соң әлгі жігіт еш қиналмастан: 
— Әшхәду Лә Илләһа ил Лә Аллаһ, уә Әшхәду Әнна Мухаммадән расул Аллаһ, — деді. Кәлимасын айтып бола салып, көз жұмды. Ал менің көздерімнен қуаныш жасы тама бастады. Мен оның ауыр жағдайына қарамай, кәлиманы айтқанына таң қалдым. Сәлден соң жігіттің анасы кіріп келді. Ұлының көз жұмғанын көріп, жылады. Ал менің жылап тұрғанымды көріп, не үшін жылағанымды сұрады. Мен оған: 
— Бұл қуаныштың көз жасы, Апа! Ин ша аллаһ, сіздің ұлыңыз Жәннатқа барады, — дедім. Ол кісі: 
— Сен оны қайдан білесің? — деп сұрады. Мен оның ұлының соңғы сөзі кәлима болғанын айттым. Апаның бұл сөзіме қайтарған жауабы мені қатты таң қалдырды. Ол кісі көз жасын ұстай алмай: 
— Менің ұлым туылғаннан бері сөйлей алмайтын еді ғой, — деді. Иәә... Аллаһтың құдіреті шексіз екеніне менің көзім жетті.
15 қараша 2019 ж. 903 0