90 мың мұғалімнің жалақысы артады
Елбасы 2019 жылы мұғалімдердің жалақысы артатынын айтты.
2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 90 мың мұғалімнің жалақысы артады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңесте айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ғылымның жағдайы білім деңгейіне тікелей байланысты, деп атап өтті Назарбаев.
"Егер білім беру жүйесін оның алғашқы сатысынан бастап дамытпасақ, елеулі нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Бұл үдерісте Білім және ғылым министрлігі басты рөл атқарады", – деді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы еліміздің білім беру жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс нәтижелеріне тоқталды.
"Соңғы 2 жылда білім мен ғылым жүйесіне бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 22 пайызға өсіп, 2 триллион теңгеден асты. Мектепке дейінгі білім беру саласында 3–6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамтылу деңгейі 95 пайызға жетті. Орта білім беру ісінде оқушылардың 70 пайызы білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқытылуда. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 205 мыңнан астам мұғалімнің еңбекақысы 30 пайызға өсті. 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 90 мың мұғалімнің жалақысы артады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы техникалық және кәсіптік бейіндегі 583 колледжде "Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы іске асырылып келе жатқанын айтып, жоғары білім беру саласында университеттердің академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту үшін заң қабылданғанын атап өтті.
"Біз алдымызға студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөнінде мақсат қойдық. Жалпы, 2018 жылы ғылымға бөлінген қаражат көлемі 43,7 миллиард теңгені құрап отыр", – деді Қазақстан президенті.
sputniknews.kz

Пікір 42