Безеуден құтылу жолдары
Безеу – кез-келген жаста кездесетін маңызды мәселе. Ол адам үшін психологиялық ыңғайсыздықты тудырады. Өйткені, өз-өзіне деген сенімділік жоғалып, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау қиындайды. Сондықтан, безеуді кетіруге көмектесетін тәсілдермен таныс болыңыз.
Фото: Pixabay Безеу – бұл терінің қабынуы. Қабыну процесі май безімен байланысты. Егер оның жұмысы бұзылатын болса, «акне» деп аталатын бактериялар белсенеді. Бұл микроағзалар – әрбір адамның терісінде өмір сүреді. Бірақ, ағзада өзгерістер пайда болған кезде, олар көбейеді.
Пайда болу себебі Безеудің пайда болуына әкеліп соғатын ең басты себеп – организмдегі гормондардың қайта құрулуы. Көп жағдайда бұл жасөспірімдерге қатысты. Бұл кезеңде олардың ағзаларындағы гормондардың белсенділігі артады. Нәтижесінде, жасөспірімдердің дауыстары жуандайды, дене пропорциялары өзгереді және өкінішке орай, беттерінен безеулер шыға бастайды. Бұл – әрбір адамның басынан өтетін жағдай. Тәтті, майлы және ұннан жасалған тағамдар, безеудің теріде қалыптасуына әкеп соғады. Стресс – тері үшін ең қауіпті факторлардың бірі. Депрессия және ұйқысыздық үшін – ағзада кортизол гормоны өңдіріледі.
Бұл гормон – терінің майлануына және ұсақ тесіктердің бітелуіне себепкер болады. Асқорыту жүйесінің қызметі дұрыс атқарылмайтын болса, микрофлораның тепе-теңдігі бұзылып, теріге кері әсері тиеді. Кетіру жолдары Безеуді ешқашан «сықпаңыз». Инфекцияны енгізіп алуыңыз мүмкін. Бұл процедураны – арнайы құралдардың көмегімен, кәсіби косметолог ғана жүргізуі керек. Сондай-ақ, сығылған акненің орнында, тыртықтар (шрамдар) қалып қою қаупі жоғары. Салицил қышқылының ерітіндісі көмектеседі. Ол теріні кептіріп тастайды. Мақтаны ерітіндіге матырып, күніне 1-2 рет бетіңізді сүртіп отыруға кеңес беріледі. Бірақ безеулер кеткең соң, ылғандырылған маскалармен теріні нәрлендіру қажет. Үй жағдайында емдеудің ең тиімді құралы – түймедақ сығындысы. 1 қасық түймедақты, 1 стақан ыстық суға салып, 30 минут тосыңыз. Содан кейін, бетіңізді осы сығындымен сүртіңіз. Терінің қабынуына қарсы, алоэ шырынында қолдануға болады. Сонымен қатар, балдан, айраннан, жұмыртқаның ақуызынан, қиярдан, сарымсақтан және саздан жасалған маскаларды пайдалануға болады.
Алдын алу
Ең маңыздысы – дұрыс тамақтану. Фастфуд, газдалған сусындар, шоколад, кәмпит, майонез және кетчуптен аулақ болыңыз. Оның орнына, жеміс-жидек, көкөніс, ет және сүт өнімдерімен тамақтанған дұрыс. Ауа-райы ыстық болған кезде, күннің астында көп уақыт жүрмеуге тырысыңыз. Ұйқыңызды қандырыңыз. Тәулігіне 1,5-2 литр су үшіп отырыңыз.