Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 359

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бұйырған кетпес

Бұйырған кетпес



Айырылма қадір, сыйыңнан, 
Жар болсын Алла мейірбан. 
Өзгені көріп қызықпа, 
Бұйырған кетпес бұйырған. 

Дүние жолдас болмайды, 
Түсінбей кетсең сол қайғы. 
Байлығы асқан байдың да, 
Уақытқа көңлі толмайды. 

Зулайды уақыт зырлайды, 
Бұл өмір мәңгі тұрмайды. 
Қарының сипап жүргендер, 
Ойлады ма екен бұл жайлы? 

Жалғанның бар ма шуағы, 
Қинайды білем сынағы. 
Өзіңді төмен санама, 
Сенің де күнің туады. 

Жүрерсің бір күн арындап, 
Арындап оттай жалындап. 
Бұйырар арман, мақсатың, 
Адамзат үшін сабыр - бақ. 

Жақсының ілес көшіне, 
Есіре берме есіре. 
Өкпелеп жүрсің өзеуреп, 
Өзіңде жоққа несіне? 

Бұйырған бағым осы де, 
Аларсың әркез есіңе. 
Өмірің мынау Жаратқан, 
Өзіңе берген несібе. 

Жар болсын Алла мейірбан, 
Келсе де сынақ қиыннан. 
Талпынсаң талпын тарлықпа, 
Бұйырған кетпес бұйырған! 
                                                                                                      Саят ӘБЕНОВ.
08 маусым 2019 ж. 1 509 0