№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Табан пішіні және мінез

Табан пішіні және мінез

Әлем бойынша табанның 3 түрі ғана тараған: "Мысырлық", "Римдік" және "Гректік". "Мысырлық" табан түрінің үлкен бақайы ұзын, қалғандары ретімен қысқарады. Үлкен бақай мен кішкентай бақайы арасында қиғаш сызық жүргізіледі. "Римдік" табан түрінде алғашқы үш бақайы шамамен бірдей ұзындықта, ал кішкентай бақайы қысқа болып келеді. "Гректік" табан түрінде екінші бақай біріншісіне қарағанда сәл ұзындау болып келеді.


"Мысырлық тип"

"Мысырлық тип" әлемде кеңінен таралған табан түріне жатады. Мәліметтер бойынша, мұндай табан түрі біздің планета тұрғындарының 50−70%-ын құрайды екен. Мұндай табанды адамдар мақсатқа бағытталған, өмірге деген сындарлы көзқарас, отбасылық құндылықтарды сақтауға икемді болады. "Мысырлық" табан иелері еңбекқор, өзіне сенімді, денсаулығы мықты болады. Ортопед дәрігерлер анатомия көзқарасымен мұндай табан түрін ең дұрысы деп есептейді.

"Римдік тип"


"Римдік тип" — таралуы бойынша екінші орында тұрған табан түрі. Бұл тип тұрғындардың шамамен 30%-ын құрайды. Мұндай табанды адамдар өршіл, жаңа дүниенің барлығына дайын, өте белсенді және күнделікті қайталанатын істерді жек көреді. Олар бір орында тыныш отыра алмайды, әрқашан ойында жаңа идея тұрады және болашаққа үлкен сеніммен қарайды. Сонымен қатар, олар қырсық мінезді болып келеді.

"Гректік тип"

Ең сирек кездесетін және әлем мүсіншілері мен суретшілерінің айтуынша, ең әдемі табан түрі. Бұл типті адамдар әлем тұрғындарының 20%-ын ғана құрайды. Өнертану ғалымдарының зерттеуі бойынша, грек мүсіндерінің көбісі табанды осылай бейнелеген. Мұндай табанды адамдарды зиялы еңбекке тартады және өнерге деген қызығушылығы болады. Олар философ болып келеді, интуициясы жақсы дамыған және шығармашылық мамандықтарда табысты болады.
04 маусым 2019 ж. 3 098 0