№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әйелімен сыйластықта болудың 7 сыры

Әйелімен сыйластықта болудың 7 сыры




 «Мұсылман әйеліне ашуланбасын! Жаман мінезі болса, жақсы мінезі де болады». Бұл – пайғамбарымыз (с.а.с) айтқан сахих хадис. Еркек атаулының әйелімен қарым-қатынасын жақсартуға бағыттаған әрбір ісі құлышылық болып саналады. Яғни, отбасындағы ынтымақты арттыруға бағытталған істердің барлығына да Алла Тағаланың берер сауабы мен игілігі көп. Ендеше, отбасындағы араздықтың болмауы үшін, татулық пен береке сақталуы үшін қажетті кеңестерді ұсынамыз.
1.Әйеліңіздің қателігі мен кемшілігін көрсеңіз байыппен түсіндіріңіз. Ұрып-соғып ақыл айту қате пікір. Сіз оны сыйлай білдіңіз бе, одан да сондай сыйластықты талап етіңіз. Екіжақты келісім бар жерде отбасы құндылығы сақаталады.
                                                                                         
2. "Әйеліңді өз қолыңмен тамақтандырып, еркелетіп әлпештеп тұр!" Әйел атаулы жаратылысы нәзік болғандықтан мейірім мен махаббатқа зәру. Сондықтан, оны киіндіріп, тамағын тоқ етіп, еркелету – сізге артылған міндет.

 3. Махаббатқа, өмірлік жарыңызға адал болыңыз. Әйелдер сатқындықты кешіре алмайды. Некесіз адаммен көңіл жарастыру – Алла сүймейтін жиіркенішті іс. Бұл отбасының ғана емес, өз өміріміздің төменге құлдырауына апаратын негізгі тетік.


 4. Әйелге ешқашан еркектің тірлігін жасатпаңыз. Өзіңіз орындауға тиісті тірлікті өзіңіз атқарған абзал. Сол үшін әйел үй шаруасын, еркек түздің жұмысын атқарғаны дұрыс.


5. Әйел, бала-шағаңыздың көңілін көтеру мақсатында отбасылық ойындар ойнап, өзара әзілдесіп, жиі қыдыруға тырысыңыздар. Бұл – күйбең тіршіліктен арылтып, жақсы өмірге ұмтылуға көмектеседі.


6. Әйелдің сырын ешкімге ашпаңыз! Ол жан-жарым деп бөліскен сыр сізге ғана мәлім болуы тиіс. Әйелінің сырын сыртқа шашқан әрбір еркек бұл үшін Қиямет күні сұралады екен.


7. Әйеліңізді өзге еркектерден қызғаныңыз. Өйткені, әйелін қызғанбаған еркек жәннатқа кірмейді, – делінген. Бірақ, орынсыз кінә артып, негізсіз қызғану да дұрыс емес. Шектен тыс қызғаныш отбасындағы ұрыстың көбеюі мен ажырасуға соқтырады.


Қорыта айтқанда, Айшадай күллі әлемге үлгілі әйеліңіз болғанын қаласаңыз, пайғамбардай сүйікті күйеу бола біліңіз!
  Ханым ТӨРЕХАН.
02 мамыр 2019 ж. 1 449 0