№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұзақ өмір сүрудің 7 тәсілі

Ұзақ өмір сүрудің 7 тәсілі


1.Үнемі күліп жүріңіз. Күлкі – адам өмірін ұзартады.
2.Денсаулыққа өте ыждақаттылықпен қараңыз. Деніңіз сау болса, жүзіңіз де, жүрегіңіз де жадырап тұрады. Денсаулық – зор байлық.
3.Үнемі дұға тілеп жүріңіз. «Сақтансаң, сақтаймын» деген сөз бар. Мағынасы, Алладан жақсы тілек тілеп, бәле-жаладан аулақ болу дегенге саяды. Сондай-ақ, дұға-тілек пендені түрлі жамандық пен оқыс апаттардан сақтайды.
4.Өзіңіздің жан әлеміңізге қажет концертке барып, немесе кино көріп, ән тыңдаңыз. Өзіңізге ұнайтын, кумиріңізге айналған адаммен жолығудың сәтін жасаңыз. Мақсатыңыз орындалып, қуанғанда өміріңіздің ұзаруына ықпал етеді. Адамның жаны аса қажет ететін руханиятқа тереңнен бет бұрыңыз.
5.Айналаңызға көңілді, өмірге құштар бір сөзбен айтқанда позитивті адамдарды жинаңыз. Бұл өмірдің ұзақ болуына ықпал ететін негізгі фактор. Көңілді адамдар әрбір уақытыңызды қызыққа толы етеді. Қиналған сәтте бәрін ұмыттыруға көмектеседі.
6.Күйбең тірліктен бір сәт арылып, табиғаты тылсым мекендерге жиі саяхаттап тұрыңыз. Бұл он жылдық шаршауды ұмытуға, жаңа энергия жинауға көмектесетін әдіс.
7.Әрбір сәтіңізге, кешкен күніңіз бен жұтқан деміңізге шүкірлік пен сабырлып етіп үйреніңіз. Сонда бәрі сіз ойлағандай болады.

Ханзада ДОШАН.
29 сәуір 2019 ж. 1 171 0