Беліңіз ауырса

Алдымен аурудың себебін анықтаңыз. Көбінесе белдің ауырғаны бірнеше аптаның ішінде өздігінен жазылады. Егер 2 апта ішінде жазылмаса, терапевт дәрігерге жолығыңыз. Әдетте арқаның төменгі бөлігі ауырады. Омыртқа емес, омыртқаны ұстап тұратын бұлшық еттер шаршайды.
Себебі төмендегідей болуы мүмкін:
Қартаю;
Артрит;
Еттің өсуі;
Сынық;
Сколиоз секілді аурулар және т.б.;
Жақсылап демалыңыз. Күнделікті жүрген кезде, еңкейіп, шалқайғанда, спортпен айналысқанда бел тұсындағы бұлшық ет жұмыс істейді. Ол қанша мықты болса, соншалықты демалысты талап етеді. Сондықтан төсекке жатып демалуды ұмытпаңыз.
- Қырыңызбен жатсаңыз беліңіз ауырмайды;
- Аяғыңыздың ортасына жастық қойып ұйықтап көріңіз;
- Орташа қаттылықтағы матрастарды сатып алуға тырысыңыз. Ол белге түсетін салмақты жеңілдетеді.
ДЕРЕККӨЗ: massaget.kz