Бақыт Жұматова: 2024 жылы әлемде қиын-қыстау кезең болады

Экстрасенстің болжамынша, биылғы жылы әлемде табиғи апаттар көп болатын көрінеді.
"Биылғы жылы табиғи апаттар да көп болады, әсіресе көп елдер мен тұрғын-үйлерді су басады. Ал кей елдерде керісінше құрғақшылық болады. Бастысы Қазақстанда ондай табиғи апаттар да, соғыс та болмайды. Басқаны білмеймін, мен үшін бастысы – тыныштық, бейбіт өмір", - дейді танымал экстрасенс.
Сондай-ақ, Бақыт Жұматова 2024 жылы әлемде қауіпті жағдай орын алуы мүмкін деді.
"2024 жылы әлемде қиын-қыстау сәт орын алатынын көріп тұрмын. Бұл ретте Қазақстан да әлемдегі жағдайдан тысқары қала алмайды. Әсіресе көршілес Ресейде қиын сәт орнағанда, оның бір ұшы Қазақстанға да тиюі әбден мүмкін", - деді танымал экстрасенс.