№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудандағы бір-бірі үшін жаратылған жұптар

Аудандағы бір-бірі үшін жаратылған жұптар

   Бүгін, сәуірдің 15-і күні Қазақстанда ғашықтар күні – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні аталып өтуде, – деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газетінің тілшісі.

  Қазақстанда ұлттық ғашықтар күнін атап өту туралы бастама 1999 жылы көтерілген болатын. 

   Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күнінің тарихы

   Бұл мереке жыл сайын 15 сәуірде аталып өтеді. Мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы мен Баян күнін атап өтуді алғаш 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған болатын. Ол жастар ұйымдары, оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттық ғашықтар күнін мерекелеуге шақырды. Қоғам қайраткерінің бастамасы көптің көңілінен шыққаны рас, бірақ мерекенің нақты датасы көпке дейін белгіленбей, әр өңір әртүрлі тойлай бастады. Мәселен, Таразда 15 сәуір — Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні, Семейде 11 наурыз – Баян күні, тағы бір өңір 19 мамыр –  Қозы күні аталсын деп жан-жаққа тартты.
 Назарларыңызға аудандағы  жарасымды жұптар қатарын ұсынамыз. 


  Жұбайымен отасқандарына 30 жылға жуықтаған Уәли Ибрагимов, М.Көкенов мектебінің басшысы ретінде аудан тұрғындарына танымал.  
 
  Сайран Дилманов жары Кенжемен 1993 жылдан бастап бірге. Сахна төрінде Жаңақорғанның мерейін үстем етіп жүрген жұп қазіргі уақытта биік белестерді бағындыруда.  

  Оразғали және жары Гауһар Бидашовтар ауданға танымал өнер иелері. 
 
  Ал, Ержан Альжанов жары Назгүлмен кәсіпкерлік саласының биігін бағындырған жастар үлгі алатындай жарасымды жұп.

  Жас отбасының  түтінін түтетіп отырған Жаңабек Тұрлыбеков жарымен бақытты ғұмыр кешуде. 
 
  Осындай аудан көлеміндегі үлгілі отбасылар жалғасын жастар жалғастырса нұр үсітен нұр болар еді. Жоғарыда аталған әр саладағы жұптарымызға бақытты да баянды ғұмыр кешулерін тілейміз. 

Е.Райымбек.













15 сәуір 2019 ж. 1 808 0