Қазақстандықтар 2019 жылы қанша күн демалады?
2019 жылы қазақстандықтар 118 күн демалады. Алдағы жылы тұрғындарға ыңғайлы болу үшін біраз демалыс күнін мерекелерді ұзарту үшін жыжыту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Uchet.kz сайтына сілтеме жасап.
2019 жыл әдеттегідей жаңажылдық 4 демалыс күнінен басталады: 30, 31 желтоқсан мен 2019 жылдың 1 және 2 қаңтары. Айтпақшы, 29 желтоқсан жұмыс күні болады.
Демалыс күндері ұлттық және мерекелік күндерге келіп отыр. Мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл (1-2 кантар), Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), Наурыз мейрамы (21-23 наурыз), Қазақстан Халықтарының бірлігі мейрамы (1 мамыр), Отан қорғаушылар күні (7 мамыр), Жеңіс күні (9 мамыр), Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз), Республика күні (25 казан). Тұңғыш Президент күні (1 желтоқсан).
Пікір 3