№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВУНДЕРКИНД БАЛАЛАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВУНДЕРКИНД БАЛАЛАР

  «Біздің елде вундеркинд балалар бар ма?». Әрине, бар. Мәселен, алдыңғы жылдары қарағандылық екі жасар вундеркинд бала – Артем Морозов жайлы хабар тарады. Қатарынан асып туған Артем ойыншық атаулыдан бас тартып, компьютермен көбірек әуестенген. Ол жеті айында сөйлеп, бір жарым жасында кириллицаның күллі қаріпін таныған. Екі жасында ағылшын алфавитінің 26 қаріпін жатқа біліп, компьютерде жаза алған.

   Сонымен қоса, Бекзада Байдалы екі жасында 42 әріпті жатқа біліп, бес жасында кез-келген кітапты оқып, 4-5-сыныптың есептерін оңай шығарса, алматылық Имран Туғанбек бір жасында әліпбені тауысып, екі жасында кітапты мүдірмей оқи білген. Үш жасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлеген.
Ал, қызылордалық Ерхан Исламбек 6 жасында-ақ есепке жүйрік болған. Ол миллионға дейінгі сандарды еш қиналмастан қосып, алып есепті шемішкеше шағады екен.
   Сондай-ақ, елден шыққан Аршат Ораз, Мария Мудряк, Арыстанбек Нұрмахановтар да ерекше қабілетті балалар болған. Мәселен, ІТ маманы, блогер Аршат Ораз мектеп бағдарламасындағы барлық пәнге қабілеті ерекше болып, 6 жасында бірден 3-сыныпқа қабылданған. Ал, павлодарлық Мария Александрқызы 3 жасында вокалдан сабақ алып, сахнаға шықса, 5 жасында музыка мектебінің күйсандық сыныбына оқуға түскен. Арыстанбек Нұрмаханұлы небәрі 21 жасында филология ғылымдарының кандидаты атағын алған.
Бұдан түйгеніміз, баланың барлығы бірдей талантты. Әр адам – индивид. Балаға өзін-өзі жетілдіретін орта жасап, ерік беріп, көбірек көңіл бөліп, білімге қызықтыра білсек ол міндетті түрде өз бойындағы ерекше қасиетін көрсететін болады. Ең бастысы, кез-келген дені сау бала вундеркинд болып жетілетінін ұмытпасақ болғаны.

Айсұлу МОЛДАНАЗАР.

10 сәуір 2019 ж. 1 497 0