ОРАЛ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ
Орал қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу кешені іске қосылды. Бұл фин инвесторларымен арада жүргізілген бірнеше жылдық әріптестіктің жемісі. «Жасыл экономика» аясында қызметін бастаған кәсіпорынның ашылуына өңір басшысы Алтай Көлгінов келді, – деп жазады Егемен Қазақстан.
Фин инвесторларының бастамасымен іске қосылған өңірдегі тұңғыш кешен жылына 100 мың тонна қатты қалдықты өңдей алады. Бұл жөнінде шараға қатысқан финляндиялық «ICM Recycling Creen Service Company» компаниясының құрылтайшысы Калвер Каппер мен «Finnish Business Hub» орталығының директоры Мұхтар Мәнкеев айтып берді.Бір қызығы, Оралдағы осы жобаның алғашқы «кірпіші» Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінде қаланған. Дәлірек айтсақ, Батыс Қазақстан облысы басшылары мен фин кәсіпкерлерінің таныстығы сол кезден басталыпты. Екіжақты келіссөздер нәтижесінде пайда болған бұл кешенді көтеруге 400 млн теңге жеке қаржы құйылған. Әзірге мұнда 45 адам қызмет етіп жатыр. Жақын арада өңдеу кешенінің қызметкерлері 100 адамға жетпек.
- Осы маңызды жобаны іске қосуға екі жыл еңбек кетті. Әуелі «ЭКСПО-2017» көрмесінде қатты қалдықтарды өңдейтін финдік компанияның жұмысымен таныстық. Көп ұзамай Финляндия еліне арнайы бардық. Ол ел көң-қоқысты осыдан 20 жыл бұрын өңдей бастаған екен. Қазір көп тәжірибе жинады. Бүгінде Астана және Алматы қалаларында да осындай кәсіпорын салынып жатыр. Финляндия компанияларымен арадағы келісім бойынша инвестор 400 млн. теңге қаражатын осы кәсіпорынның құрылысына жұмсады. Міне, бүгін қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын кешен іске қосылды. Біздің ұсынысымызды қолдаған финдік компания өкілдеріне және Фин бизнес хабының директоры Мұхтар Манкеевке алғыс айтамыз, - деді өңір басшысы Алтай Көлгінов.
Ал іске сәт онда!