№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘСЕЛЕ: ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ҮЛГІСІ

МӘСЕЛЕ: ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ҮЛГІСІ

Халифа Әли ибн Әбу Талибтың екі ұлы Хасанмен Хусейн мешіт ішінде отырған да жасы келген бір қарияның дәретті дұрыс алмағанын байқайды. Ол кісі мешіт ішіне кіріп намазға тұрады. Хасан мен Хусейн оның намазды да шарттарын бұзып оқығанын көреді. Қарияның қатесін түзегілері келгенімен, өздерінің жасы одан кіші болғандықтан оған дәретті қалай дұрыс алуды, намазды шарттарымен қалай дұрыс орындауды үйретуге ұялады. Олар ақылдаса келіп қарияның алдында дәрет пен намазды қайсысының дұрыс орындайтындығы жөнінде жарыс өткізіп, төрелігін қариядан сұрауға келіседі. 
Сөйтіп, екеуі қарияның алдына отыра қалып, бір-біріне дәретті қалай алуды көрсете бастайды. Ондағы мақсаттары үлкен кісінің қатесін осылай сыпайы түрде көрсету болатын. Екеуінің сөздеріне құлақ түріп, әрбір қимылдарын бақылап отырған қария өзінің дәрет алу мен намаз оқудағы кемшіліктерін түсінеді. Хасан мен Хусейн келіскендеріндей қарияның жанына келіп, кімнің өте дұрыс орындағанына төрелік етуін сұрайды. Ол кісі қысылып: “Айналайындар, сендердің екеуің де өте жақсы орындадыңдар. Сендерге қарап өзімнің дәретті де, намазды да дұрыс атқармайтыныма көзім жетті," - дейді. 
Сөйтіп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) екі немересі қарияға осылайша өте сыпайы түрде үлгі көрсетіп, қатесін түзеді. 
Ғибрат: Алланың елшісінің (с.а.с.) екі немересі жасы үлкен қарияның кемшіліктерін бетіне басып, ұялтпай өте тапқырлық жасайды, қатесін әдеппен көрсетеді. Үгіт-насихаттың мұндай үлгісі бүгінгі уақытта да аса маңызды екені сөзсіз.
Міне, бүгінгі қоғамда жетіспей жүрген үлкенге құрметті қалай көрсетудің үлгісі. Қазақта "қарты бар ел қазынал" деп айтушы еді, сондықтан қазыналы қарттарды көзі тірісінде сыйлап, әрдайым құрмет көрсете білейік...
17 ақпан 2019 ж. 1 245 0