Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Apple үш модульді камерасы бар iPhone-ды таныстырады - БАҚ

Apple үш модульді камерасы бар iPhone-ды таныстырады - БАҚ

  Америкалық Apple корпорациясы осы күзде Iphone смартфонының жаңа үш үлгісін шығаруды жоспарлап жатыр, - деп хабарлайды https://zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті Tengrinews.kz тілшісімен РИА Новостиға сілтеме жасап. 
é REUTERS

  The Wall Street Journal газетінің хабарлауынша, смартфонның бір үлгісі (тағы да сұйық кристалды дипслеймен) бюджеттік Iphone XR флагманның орнына шығарылады. Компаниядағылардың айтуынша, Iphone XR-дың сатылымы өте төмен болған. Оған қоса, 2020 жылы Apple компаниясының жоспары - смартфондардың дисплейін түгелдей OLED-ке ауыстрмақшы. Соңғылары қазіргі XS моделінде қолданылған.
 
   Дереккөздің хабарлауынша, жаңа үлгілерде камераға жаңа қызметтер қосылады, яғни ең қымбат үлгіде жаңа үш модульді камера тұрады. Ал қалған екі үлгісінде қос модульді камера қолданылады.

  Өткенде Apple компаниясы бүгілетін смартфон үлгісін патенттенгені жайлы айтқан. Мұндай гаджеттің басқа Samsung және Huawei сияқты үлгілерден басты айырмашылығы, екі жаққа да майысуы.

  БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Apple ойлап тапқан полимерлік төсем диплейге қолданылғаннан кейін оны иілгіш және мығым етеді. Осының арқасында смартфон сызат пен басқа да зақымдардан қорғалынады.

13 қаңтар 2019 ж. 1 027 0