№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2018 БАЛАЛЫ БОЛҒАН ӨНЕРЛІ ОТБАСЫЛАР

2018 БАЛАЛЫ БОЛҒАН ӨНЕРЛІ ОТБАСЫЛАР

Ит жылында көптеген өнер иелерінің шаңырағы шаттыққа толып, іңгәлаған сәбидің үні естілді. Бір отбасы қызды болса, енді біреулердің жанұясында тізгін ұстар ұлдар өмірге келді. Енді сол өнер адамдарының отбасына бас сұғып көрсек...

Сәуір айында Бүркіт пен Аишаның отбасы кішкентай ханшайыммен толықты. Осыдан 8 жыл бұрын отасқан жұлдызды жұп екі ұлдан кейін армандаған қыздарына жетті. Оған Сафия деп есім берді.
Мамыражай мамырда әке атанғандардың қатарында Сәкен Майғазиев те бар. Өнер иесі биыл төртінші рет әке болу бақытын сезінді, қызды болды. Сәкеннің де өз қызына Сафия деп ат қойғанын айта кетейік.
Қажылыққа бару, шетелге шығу: Отандық жұлдыздар Жаңа жылға қандай жоспар құрып отыр?Сәуір айында Төреғали Төреәлі де “үш дүркін” әкелер санатына қосылды. Өнер иесінің жары Толқын үшінші қызын босанды. Алғашқы екі перзентінің есімін өзіне ұқсатып “Т” әрпінен қойған Төреш бұл жолы қызына Фатима деп есім берді.
Қызы науқастанып қалған: Төреғалидің ұшаққа билетсіз кіруінің себебі белгілі болдыҚараша айында Тоқтар мен Бейбіттің шаңырағында төртінші атұстар дүниеге келді. Тұңғыштары Беколжастан кейін егіз ұлдың ата-анасы атанған жұлдызды жұп араға үш жыл салып тағы да сәбилі болды. Бейбіт Сейдуалиева жұбайының туған күнінде босанып, оған үлкен сыйлық жасады. Нәрестеге Тоқтардың анасы Шахнұр деп есім берді.
Тоқтар мен Бейбіт төртінші перзентін күтіп жүрДәл осы айда Заттыбек Көпбосынұлы да бақытты әкелердің қатарына қосылды. Өнер иесі 18 жыл күткен бақытына қол жеткізді. Әнші жұбайымен отасқаннан кейін тұңғыш қызын 10 жыл күткен. Тағы жеті жылдан кейін атұстары өмірге келді.
Заттыбек Көпбосынұлы тілекші елге алғыс айтып, көзіне жас алып қалды (видео)Асылхан Төлепов қыркүйек айында алғаш рет әке атанды. Ұлды болған Асылхан атұстарына Алпамыс батырдың есімін берді.
Сүйінші: Асылхан Төлепов алғаш рет әке атандыМаржан Арапбаева үшінші қызын өмірге әкелді. Бір қызығы, Арапбаева да қызына Сафия деп есім берді.
Үшінші перзентін дүниеге әкелген Арапбаеваны жақындары перзентханадан салтанатымен шығарып алды (видео)Наурыз айында ақын Ринат Зайытов бесінші мәрте әке атанып, қызды болды. Айтыскердің бүгінде төрт қыз, бір ұлы бар.
Жақында бесінші мәрте әке атанғандардың қатарында Тұрсынбек Қабатов та бар. Белгілі актердің бесінші перзенті, екінші атұстары өмірге келді.
Тұрсынбек Қабатовтың бесінші перзенті дүниеге келдіДинара Сұлтан да биыл көпбалалы аналардың қатарын толықтырды. Әнші ұлды болды. Бүгінде Динара жары, меценат Ерлан Қожасбаймен бірге үш қыз, екі ұл баланы тәрбиелеп отыр.
Сондай-ақ, Мұқасан Шахзадаев, “Ринго” тобының қос бірдей әншісі Батыр Байназаров пен Аян Бірбаев, Сержанәлі Әлібек, Марат Оралғазин, Рүстем Жүгінісов, Айдай Исаевалардың шаңырағы ит жылында тағы бір жанмен толықты.Бүркіт пен Аиша
01 қаңтар 2019 ж. 1 408 0