№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕДИЦИНА САЛАСЫ: КАНАДАНЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ЖҮЙЕСІ

МЕДИЦИНА САЛАСЫ: КАНАДАНЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ЖҮЙЕСІ

     Канадада халықтың барлығы дерлік мемлекеттің есебінен емделеді. Канадалықтарға арнайы медициналық сақтандыру картасы беріледі. Мемлекеттің аумағында тұратын халықтың барлығына мұндай карта тегін таратылады. Сондай-ақ, емделушілер өздеріне көрсетілген медициналық қызмет үшін ешқандай да ақы төлемейді және бас ауыртатын құжат толтырудың да қажеттілігі жоқ. Тек қана өздеріне тиесілі медициналық сақтандыру картасын көрсетсе болғаны.
      Канадалықтардың өмір сүру ұзақтығы 78,6 жасты құрайды. Бұл – әлемдегі дамыған елдердің арасындағы жоғарғы көрсеткіш. Мұндағы ауруханалардың 95 пайызы муниципалды және арнайы ұйымдардың басқаруымен жұмыс істейді. Мемлекет қосымша медициналық көмекке зәру жандарды, яғни, қарттарды, балалар мен жұмыссыз жандарды да толық ақысыз емдейді. Оларға жүйелі түрде стоматологиялық көмек, окулистің қызметі көрсетіліп, тегін дәрі-дәрмектер беріледі, мүгедектерге қажетті түрлі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Мұның барлығы да ақысыз жүзеге асады. Канада тұрғындарына көрсетілетін мұндай жеңілдіктердің бәрі «Медикэйр» бағдарламасының жемісі.
       Міне, Канада елінің қарапайым жүйесі осындай, сондықтан болар бұл елдің медицицна саласы бәсеке алаңында бәсі биік. Әлемдегі дамыған елдердің негізгі көрсеткіші дені сау және білімді халықтың арқасында. Осындай жүйені біз де қолға алсақ онда дамыған отыздықты еңсеру ештеңе емес. Айтуға оңай әрине, Дегенмен қолда барды бағалай білейік...
27 қараша 2018 ж. 1 893 0