№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СӘЛЕМДЕСУ САЛТЫН БҰЗБА

СӘЛЕМДЕСУ САЛТЫН БҰЗБА

«Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» демекші әдептілік әліппесі сәлемнен басталады. Ал, сәлем беру – ізеттіліктің, кісіліктің баспалдағы. Сәлем беру – сөз бастаудың беташары. Сәлем беру – танысып-білісудің, достасудың дәнекері…
«Сөз анасы – сәлем» деп Бұқар жырау бабамыз "сәлем" сөзінің қасиетін әрі қысқа, әрі нұсқа етіп керемет тұжырымдапты. Сөзді сәлемнен бастамайтын халық жоқ. Әрине, әр халықтың өзіне тән сәлемдесу салты, жөн-жобасы әрқалай. Сол алуан түрлі, басқаға ұқсамайтын өзгешеліктерінен ұлттық мінез-құлық, әдет-ғұрып, қалыптасқан қағидалар көрініп тұрады. Ол – заңды құбылыс. «Мынаның амандасуы менікіне неге ұқсамайды» деп айтуға ешкімнің қақысы жоқ. Әр ұлттың өзінің тарихи қалыптасуы бар. Ал, біздің қазақтың амандық-есендік сұрауға, сәлемдесуге деген ынта-пейілі мен оған зор мән беруі тіпті ерекше. Сәлемдесу жолына келгенде, әй, қазаққа ұқсай қоятындар кемде-кем шығар. «Жасында көргені жоқтың өскенде айтары жоқ» дейді қазақ атаң. Сол үшін баласының тілі шығар-шықпастан әдептіліктің жол басы – сәлемдесуді үйретеді. Кішкентай бүлдіршіндерге «атаңа сәлем бер», «әжеңе амандас», «ағаңа қол бер» деген секілді сөздерді үнемі құлағына құйып, ізеттілікке ерте бастан баулиды. Кез келген ересек адам бала сәлемінің оңды бағыт алып, мінезіне сіңіп, саналы түрде дағдысына айналуына мұқият қарайды. Қазақ ғұрпында кіші үлкенге сәлем береді. Асылы, халқымыз ақ сақалды атаны, ақ шашты әжені, ақ самайлы әкені, ақ жаулықты ананы, жалпы үлкенді құрметтеген. Алдынан кесіп өтпеген. «Сен» деп серейтіп сөйлемеген. Қазақтың бітім-болмысын ажарлайтын ардақ бір қасиеті осы – үлкенді сыйлауы. Бұл – бабалардың салып берген сара жолы…
25 наурыз 2018 ж. 3 291 0