№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ҚАШАНДА ДАЙЫН БОЛҒАН АБЗАЛ!

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ҚАШАНДА ДАЙЫН БОЛҒАН АБЗАЛ!

Сағат 9.00. Дабыл қағылды. Арнайы жасақ кенттегі белгіленген орынға жедел жетті. Дариядан тасыған су бөгеттерді бұзып, елді мекендерді бағытқа алды, деген хабар тарады. Техникалар тізіліп оқиға орнына сап түзеді. Трактормен камаздарға құм артып, бөгет бойын көтеру жұмысы басталды. Қолдап қап-қаппен құм салуға қамданған төтенше жағдай қызметкерлері тыным таппауда. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, жаңақорғандық ағайын Сыр мен қыр беткейге бөлініп іске кірісті. Тау етегінен келетін ағын суға да төтеп беруге дайындық үстінде жүрген қызметкерлерге артылған жүк ауыр. Себебі, олардың алдында адам тағдыры тұр...
Бұл республикалық оқу-жаттығу жиынындағы дайындықты пысықтау жұмыстарының көрінісі. «Жаман айтпай жақсы жоқ» демекші, алдын ала қамданған аудан басшылары қысқы дайындыққа осылай кірісіп кетті.
«Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін басқару органдар мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жылдағы дәстүр бойынша өткізілді. Іс-тәжірибе жүзінде өткен дайындық жұмысына барлық мекемелер жұмылдырылды.
Алдымен, сала басшылары аудан әкімдігінде дайындық жұмысына бөлінген штаб басшылары бас қосты. Аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков жүргізген жиынға келген бөлім басшыларына өздеріне бөлінген қызметке қаншалықты дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, Көктөбе, Жаңарық және Манап ауылының әкімдері де қытымыр қысқа дайындықты пысықтауға келді.
Айта кететіні, қазіргі таңда аудан көлемінде Сырдария өзеніне жақын қауіпті аймақтарда Жаңақорған кенті мен 11 ауылдық округтерде 53 мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары орналасқан. Бұл қожалықтарда 6 000-ға жуық мүйізді ірі қара мен 33 000 бас қой және 2 000-ға тарта жылқы мен 500-дей түйе бар.  Сондықтан, алқа отырысында ауыл әкімдеріне аудан әкімінің орынбасары дайындық жұмысына селқос қарамауға шақырды.
– Оқу жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекетік жүйесінің халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайға әзірлігін тексеру мақсатында өтуде. Жерігілікті атқарушы органдардың қыс жағдайындағы төтенше жағдай туындаған кезіндегі өзара іс-қимылы пысықталды. Аравиялық құтқару қызметтерімен құрылмдарының әзірлігі тексерілді. Мұның барлығы қыс пен көктемде келетін қаупті алдын алу, – деді аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Берікбай Омаров.
Иә, апат келмейді, демекші оқу жаттығу жұмысына аудан бойынша  барлығы 24 құрылымда 238 адам мен 62 техника қатыстырылды. Ауыр техника, құқық қорғау қызметкерлері, өсімдікті қорғау бойынша, өрт сөндіру бөлімі және жедел жәрдем, азық-түлікпен қамтамасыз ету, ақпарат тарату және басқа да құрылымдардың жұмысы тағы бір пысықталды.
Айта кетерлігі, төтенше жағдай тек судан ғана келмейді, өрт пен газдан улану және басқа да жағдайдан туындайтыны ақиқат. Сондықтан, арнайы жасақ газдан уланған жағдайда қандай көмек көрсету керектігін көрсетсе, өрт жағдайындағы жаттығу жұмысы да тексерілді. Себебі, өрт жағдайы былтырғы жылмен салыстырғанда көбеймесе кемімеген. Әсіресе, үй жағдайындағы өрт мәселесі қауіпті. Мәселен, жыл басынан бері Жаңақорғанда 78 төтенше жағдай тіркелсе, соның 46-сы өрттен шыққан деген мәлімет бар. сондықтан, өттан да, судан да қауіпке дайын болу артықтық етпейді.
Бүгінгі күні Шардара су қоймасынан төмен қарай секундна 450 текше метр су түсіп жатыр. Мамандар мұны орташа, яғни қалыпты деңгей деп түсіндіруде. Десе де, «қамдансаң қапы қалмайсың» демекші, әр нәрсеге дайын болған жөн. Сондықтан, оқу-жаттығу жұмысы алдағы уақытта та жалғасатын болады.

09 қараша 2018 ж. 971 0