№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Еліміз Ресеймен круиздік туризмді дамытады

Еліміз Ресеймен круиздік туризмді дамытады

  Жыл сайын 3,5 млн қазақстандық Ресей Федерациясына сапар шегеді.
   Ресейліктер де Қазақстанның тұмса табиғатын тамашалауға құмар. Енді қос ел саланы біріге дамытуға көңіл бөлмек. Оның бірі круиздік туризм. Каспийдің әлеуетін осылай пайдалануды Қазақстан бірінші болып қолға алмақ. Бастаманы Ресей де қолдап отыр. Сондай-ақ жастар туризмін дамытуға ниет білдіргендер бар. Осылайша жас блогерлерді қысқы және жазғы туристік бағыттар бойынша сапар шектіру көзделген. Ұйымдастырушылар жастардың көзімен суреттелген табиғат сұлулығы туристердің көптеп тартылуына ықпал ететініне сенімді. Олег Сафонов, РФ туризм жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы: - Қазақстандықтар да, ресейліктер де сапарға шығуды жақсы көреді. Сондықтан, халқымыздың қажеттігін өтеу үшін біз күш біріктіруіміз керек. Бұған мүмкіндіктер мол. «Бірегей өнімдер ұсынуға міндеттіміз» деп ойлаймын. Бұл арқылы өзге елдерді де қызықтыруға болады.
www.24.kz
09 қараша 2018 ж. 777 0