№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ҚАМЫСТЫҢ ДА ПАЙДАСЫ КӨП

ҚАМЫСТЫҢ ДА ПАЙДАСЫ КӨП


Қазақ халқы ежелден қамысты тұрмыстық жабдық әрі мал азығы ретінде пайдаланып келеді. Әсіресе құрылыс метериалы ретінде таптырмайтын зат. Айта кететіні, ну қамыс бір кездері Сыр бойындағы жыртқыш аңдардың да панасы болды. Осындай игілігі мол қамысты бүгін дұрыс тұтынып жүрміз бе?

Біріншіден, қамыс мүйізді ірі қараның сүйікті азығы ретінде сұранысқа ие. Бүгінде жыл сайын ауылдық жерлерде мыңдаған тонна қамыс шөбі даярланады. Түгіскен массиві игерілгенге дейін қамыс шөбі Ызғар, Тайпақкөл, Ұтырлы, Борықты, Қызылбайыр, Әйкөл, Қазынатоғай, Қарғалы, Сухана, Шоқтал, Қауық, Шомырық, Сарықамыс пен Бегман тоғайы, Ақтаста орылып дайындалатын, Өкінішке орай, бұл жерлерде кешегі сексенінші жылдарға дейін қамыс шабындықтарына өзеннен судың келмеуіне байланысты жойылып кетті. Дегенмен Түгіскен массиві каналдары мен қашыртқыларында және ыза су көтерілген жерлерде қамыс жетерлік. Бұл қамыстардың 70-80 пайызы орылмастан қалады.
Екіншіден, қамысты отын ретінде пайдалану үрдісі бар. Көбіне орман-тоғайы кемкөршілес Шиелі ауданынан бастап, Сырдария, Тереңөзек, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы мен Арал ауданының тұрғындары көптеп пайдаланады. Қамысты отын ретінде аралдықтардың пайдаланғандықтары туралы жазушы Әбдәжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» кітабында жазылған. Осы кітапта Судыр Ахметтің әйелі Қарақатынның қамыс отынды жағатын сәті соның айғағы болса керек.
Үшіншіден, қамыстан қант өндіруге болады. Қазірде қамыс қантын Үндістанда жасай бастаған. Еуропаға бұл қант орта ғасырларда жетіп, ХІ-ХІІ ғасырларда әлемдік танымалдыққа ие болыпты. Қазірде әлемде өндірілетін қанттың 60 пайызы қамыс қанты, ал, 40 пайызы қызылша қанты екен. Жалпы, йда қамыс қантының пайдалы қасиеттері әлдеқайда көп екен. Себебі, қоңыр қант клетчатка, микроэлементтер мен жүйке жүйесін реттейтін В дәруменіне бай. Қамыс қантындағы калий ағзадағы артық сұйықтықты шығаруға көмектеседі. Осы қант түрінің құрамындағы кальций сүйектерді берік қылады. Қамыс қанттағы мырыш жалпы ағзаға пайдалы.
Төртіншіден, таптырмас құрылыс материалы. Себебі қамыс колжетімді құрылыс материалы ретінде құнды. Яғни үй қабырғасы және төбесіне жылуды өткізбей үшін қойылады. Алғашқы қамыс зауыты көршілес Шиелі ауданындағы орман-тоғай мекемесі жанынан ХХ ғасырдың 30 жылдардың аяғында ашылды. Ол кезде Жаңақорған Шиелі ауданына қарайды. Осы мекемеге қарайтын Жаңақорған орманшылығы сол зауытқа шикізат ретінде қамыс орып, дайындаумен айналысты.
– 1958 жылы Жаңақорған орман-тоғай мекемесі ашылып, оған Өтенбетов Рахым директор болып тағайындалды. Мекемеде үш орманшылық құрылып, оларға орманды қорғауды және осында қалған үш цехты тоқтатпай қамыс орып, маты даярлауға тапсырма берілді, – дейді орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің ардагері Махамбет Нұртазаев.
Ол кезде дайындалған қамыстың матылары вагонға артылып Ресейдің Краснаярск, Новосибирск облысына және құм тоқтату мақсатында Атырау, Маңғыстау облысына жіберіліпті. Яғни, бір кездері Сырдың қамысына сұраныс жоғары болған.   
Бүгінде қамыс орып даярлайтындар жоқ емес. Өйткені адамдар үй салатын болса оған қамыс маты немесе бауқамыс ретінде даярлайды. Тоқырау жылдарынан бері жұмыссыз қалған біраз азамат қыстай қамыс орып, бауқамыс немесе маты дайындап сатып нәпақасын айырып жүр. Бұл тұрғыда Ызғарда – 2, Жаңақорғанда –5, Жаңауылда –15, Жаңарықта – 8 отбасы осы кәсіптен нәсіп айыруда. Соңғы жылдары кент орталығында да қабырғасын қамыспен тұрғызып жатқан азаматтардың санының аздап та болса артып келеді. Құрылым мамандары мұндай үйлердің жылу сақтау қабілеті кесектен немесе кірпіштен, бетоннан салынған үйлерден артық болмаса кем болмайтынын айтуда. Қайта жазда үй іші салқын, қыста жылы болады екен.
Осы орайда қамыс орып жинап сатушы жаңарықтық Мейірбек Өтепұлына жолыққанда: «Қамыс орып жинау, оны баулап немесе пашым етіп сатуды осыдан 15-20 жыл бұрын әкемнен үйрендім. Күзде әкем канал мен күріштік шетінде қалған қамысты орып, баулап сатуды ұсынды. Сонымен күздей, қыстай қамыс ордық-шаптық. Алғашқы жылы 2000 бау қамыс дайындадық, жаздай үй салатындар келіп алып кетіп жатты. Кейін 4000-4500 бауға дейін даярлайтын болдық Қолға қаржы түсті, біртіндеп жағдай да түзелді,. Соңғы жылдары пашымға тапсырыс көбірек түсуде, бізден көріп ауылдастардан қамыс шабатындар саны да көбейіп келеді, – деді.
Жаңауылдық Әбдіхан Үсенов: – Қамыс орып-шабумен айналысқаныма 50 жылдан асты. Жаздай егісте жүрсек, күзден көктемге дейін қамыс дайындадық. Әсіресе, соңғы 16-17 жыл біржолата кәсіпке айналдырдық. Дегенмен соңғы жылдары қамысқа тапсырыс азаюда. Оның басты себебі көп үй салушылар қазір стекловатаны көп пайдалануда. Қазір аз да болса пашым-матыларға тапсырыс берушілер жоқ емес, – деді.
ТҮЙІН. Осы орайда Түгіскен массиві бойындағы шаруашылықтардың жерінде ондаған, жүздеген гектар қамыстар орылмастан қалып жатыр. Оны орып-шауып жатқан ешкім жоқ. Ендеше Түгіскен массиві бойында  иен де иесіз жатқан осы қамысты неге орып, одан сапалы да бағалы құрылыс материалдарын даярламасқа.
Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
27 қыркүйек 2018 ж. 4 251 0