№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ АСТАНАДАН ЕРЕКШЕ ӘСЕРМЕН ОРАЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ АСТАНАДАН ЕРЕКШЕ ӘСЕРМЕН ОРАЛДЫ


Елбасының ерен ерлігінің үлгісіндей елордамыз - Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Жаңақорған ауданының жастары Астанада болып қайтты. 
Қоғамның әртүрлі санатында жүрген жиырмаға жуық жасөспірімдер Қазақстан облыстарының Елордаға арнаған тартуларына куә болып, шырайлы шахардың көрнекті мекендерін аралады. Есте қаларлық әсер қалдырған Атырау көпірі мен Қостанай балмұздағымен естелік суретке түсіп үлгерген жастар Тұңғыш Президент - Елбасының қоры мен кітапханасы орналасқан Назарбаев орталығында қонақта болып, ұлт көшбасшысының өнегелі өмір жолымен танысты. Кітапханадағы "Idos" роботымен бірге интеллектуалды ойын ойнап, сертификатпен марапатталды. 
Сапар барысында танымал жұлдыздармен де кездесудің сәті түсті. Солардың бірі қазақстандық танымал әнші және актриса, тележүргізушісі Мөлдір Әуелбекованы жанұясымен бірге кездейсоқ жолықтырған жастар фотоға түсіп, мейрамдарымен құттықтады.
Астана қаласында өмірдегі ең қызықты күндерінің бірін өткізіп үлгерген жасөспірімдер өз әсерлерімен әлеуметтік желілерде бөлісіп, елордамызға арналған құттықтау видеоларын түсірді. Күн ұясына батар уақытта Әзірет Сұлтан мешітіне барып сәулеті мен сәні келіскен киелі орынның кереметтеріне куә болды. Кеш көркі мерекелік концертпен жалғасты. Елбасының тікелей өзі қатысқан шараны жаңақорған жастары да бірге қызықтап, мерекелік от шашуды тамашалады. Осылайша "Жаңақорған ауданының ішкі саясат бөлімі "Жастар Ресурстық Орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырысы негізінде "Арман Асуы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Жаңақорған жастарының керуені өз миссиясын табысты аяқтады деуге әбден болады.
12 шілде 2018 ж. 662 0