Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТАҒАМДАНУЫ: ТӨРТ ТҮЛІК ӨНІМІНІҢ ҚАСИЕТІН БІЛЕСІЗ БЕ?

ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТАҒАМДАНУЫ: ТӨРТ ТҮЛІК ӨНІМІНІҢ ҚАСИЕТІН БІЛЕСІЗ БЕ?


Тамақ пен сусынды дұрыс пайдалану денсаулықты жақсартады. Шамадан тыс көп тамақтану, аш жүру, дұрыс  тамақтанбау ауру-сырқауға ұрындырады.

Қойдың еті – жылу мен әл-ауқатты арттырады, денедегі желді басады. Асқа тәбетті арттырады.
Ешкінің еті – ауыр, салқын.
Сиырдың еті – салқын, майлы, желдің қызуын қайтарады.э
Жылқының еті – іріңді тоқтатады. Бүйрек пен белді желден тазартады.
Тауықтың еті – ұрықты көбейтеді. Жарақат алған кезде пайдалы.
Суырдың еті – майлы, ауыр, қызулы, ісік кезінде жақсы. Асқазан, бүйректен, бел мен бастан ұстаған суықты шығарады.
Балық – асқазан ауруларына ем. Тәбетті арттырады, көзге пайдалы, ірің мен жалқыншақты тиады.
Жануарлардың аталықтарының кеуде жағынып еті, ал аналықтарының бөксе жақ еті, буаздарының бар еті ауыр болады. Малда аналықтардың, ал құстарда аталықтардың еті жеңіл.
Қуырылған күріш тышқақты тиады. Сынған сүйектердің бітуіне көмектеседі. Дұрыс  өнбеген күріштен, не арпадан жасалған көже нәжісті қатырады.
Сары май, жұлын мен іш май дәмді, ішкі ағзаны жұмсартады. Әлсіреген, шаршаған, ұрығы мен қаны әлсіз қарттар мен балаларға іштерін тазартуға, желді шығаруға пайдалы. Жаңа сары май әл-қуатты арттырады. Дененің қызуын қайтарады.
Сүр май ақылынан адасқан, есінен айрылған, есінен танған адамдарға көмектеседі, жарақаттың жазылуына жақсы.
Шыжғырылған май ойды өткірлейді, зейінді кеңейтеді. Жылу мен күш-қуат береді. Өмірді ұзартады.
Сүйектің майы желді қуып, қуаттандырады.
Іш май буындардың сырқатын, күйікті жазады, құлақ, бас, жатыр сырқаттарынан арылтады.
Маймен тамақтанатын адамдардың ішкі қызуы артып, ағзасы тазарып, дене күші кемімей, сергек жүреді. Өңі де жақсы, әлді қартайғанда да сергектігін жоғалтпайды.
Сиырдың сүті несеп ауруларына пайдалы. Ойды ұшқырлайды.
Ешкінің сүті ентікпеге ем.
Қойдың сүті желді қуады, бірақ жүреке залалды. Сүттің соңғы сауыны (иіндісі) шырынға тең.
Салқын су есінен танғанға, арақтан басы ауырғанға, басы айналғанға, құсқысы келгенге, дене қызуы артқанға, қан ауруына, уланғанға көмектеседі.
Қайнаған су денені жылытады, асқазаннан жалқыаяқты кетіреді.
Тұзды тамақты көп жеу – шаштың түсуіне, ағаруына, әжімнің көбеюіне соқтырып, қуатты төмендетеді.
20 қыркүйек 2018 ж. 1 183 0