№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жалаңаяқ жүріңіз

Жалаңаяқ жүріңіз


Адамның табанында іш құрылысындағы мүшелерді тітіркендіретін 72 мың жүйкелік нүктелер орналасқан. Үнемі жұмсақ аяқ киім кигендіктен, ол нүктелерөзінің табиғи қасиеттерін жоя бастайды. Сондықтан кейінгі жылдары  табанды массаждайтын, солд арқылы аяқты тынықтыратын, әрі ішкі ас қорыту мүшелерін жаттықтыратын түрлі құралдар шыға бастады.

Табанды жаттықтырудың ең қарапайым датабиғи тәсілі – жалаңаяқ жүру ғой. Жаз кезінде, аулада, бақта, жағажайда жалаңаяқ жүргенге не жетсін?! Жалаңаяқ жүргенде табандағы нүктелер түгел жерге тиеді.Сол кезде ішкі органдар рецепторларын тітіркендіреді. Тітіркенудің салдарынан олардың  жұмысы жақсарады, жағымды көңіл-күй туғызады.
Жалаңаяқ жүрудің екінші пайдалы тұсын мамандар былай түсіндіреді. Күннен, ауадан алған таза энергия жалаңаяқ жүрген уақытта бойдағы кір энергияны жерге ығыстырады. Лас энеогияны топырақ тартады, осылай ьойымыздың тазаруына ықпал жасайтын көрінеді.  Ересек адамның жалаңаяқ жүргені ерсі көрінуі мүмкін. Бірақ, денсаулыққа пайдалы екенін ойлағанда,үйде жалаңаяқ жүруге болады. Өзіміз жалаңаяқ жүруді өрескел көрсек те, балаларды бір уақыт жалаңаяқ жүруге үйреткен артық емес. Жаз кезінде аулада, су жағасында жалаңаяқ жүру балаға өте пайдалы.      
Ә сіресе, топырақ, құм  қызған кезде жалаңаяқ жүру әркімге де пайдалы – ақ. Құмбұлау дегеніміз – осы. Біркелкі қиыршық құм табанды үгудің ең тамаша әдісі. Осындай мүмкіндік бола қалса ,жібермеуге тырысқан жөн.
Үйде де еден аса салқын болмаса, бір уақыт жалаңаяқ жүрген кім-кімге де тиімді екенін жоғарыда атап өттіңк.Ал, балалардың аяғын тым қымтамай, қайта үйде көбіне жалаңаяқ жүргізген оңды. Оның үстіне ,баланың аяғын үй температурасындағы сумен жуып үйреткен дұрыс.Жазда осылай дағдыланса, күзде де, қыста да осыны жалғастырса, бала жақсы шынығады. Ойын баласы аяғын суламай, етігіне қар кірмей тұрмайды. Шыныққан бала ондайды елең қылмайды. Суық тимейді, баспа (ангина), бронхит, трахеит  сияқты аурулармен кем ауырады. Табиғаттың өзімен емделгенде, табиғат ананың жылуын сезінгенге не жетсін.    
17 қыркүйек 2018 ж. 1 471 0