№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында заңсыз балық аулауға қатысты әкімшілік істер қаралды

Жаңақорған аудандық сотында заңсыз балық аулауға қатысты әкімшілік істер қаралды

           
Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушылар А., Д., И., қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383 бабының 3-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.
          Іс құжаттарында анықталғандай, құқық бұзушылар А., Д., И., 14 мамыр 2018 жылы Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылына қарасты «Өзгент» көлінде тыйым салынған мерзімде, арнайы рұқсат құжатынсыз тыйым салынған тәсілмен ұзындығы 1,85 см болатын басы үш тілді шанышқы құралымен 2 дана табан балықтарын аулап, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.
          Сотта құқық бұзушылар А., Д., И. өз кінәларын толық мойындап, әрекеттеріне шын өкінетіндерін көрсетті.
          28 маусым 2018 жылғы сот қаулыларымен құқық бұзушылар А., Д., И., Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік құқық бұзушылық құралы 1 дана үш тілді шанышқы құралы тәркiленіп, әкімшілік құқық бұзушылық заттары 2 дана «Табан» балықтарын тәркілемей, оларға салынатын 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 48 100 теңге айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылып, әрқайсысына 33 670 теңге айыппұл салынды.
            Қаулы заңды күшіне енбеген                              
           Жаңақорған аудандық сотының маманы А.Нысанбаева.
20 тамыз 2018 ж. 824 0