Соңғы жаңалықтар

ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ МУЗЕЙДЕ

19 маусым 2026 ж. 55

Ерекше кітапхана

19 маусым 2026 ж. 146

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » МІНЕ, ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ ОСЫНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК

МІНЕ, ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ ОСЫНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК

Ресейде қазақ жігіті жанып жатқан автобустан 48 жолаушыны құтқарып қалды. 

Тамыз айының 5-і күні Семейден Новосібірге бет алған автобуста Ержан Амарханов та болады. 

Түн ішінде шырт ұйқыда жатқан көпке ілеспеген ол автобустан өрт шыға бастағанда есіктердің бәрін ашып, жолаушыларды оятып, сыртқа шығарған. 

Автобустағылар "Ержан болмағанда о дүниелік боп кететін едік" дейді. Ол жабық есіктерге дейін сындырып, балаларға дейін көтеріп шығарған. 
Қазақстандық азамат өрт басталғанда құжаттары мен қаражаттарын ұмытып та кетіпті. 

"Бастысы адамдар аман-есен. Құжаттарым, көші-қон картам, жеке куәлігім және ақшалар сонда қалды", - дейді Ержан Амарханов. 

Десе де, көші-кон басқармасының қызметкерлері оған құжаттарды жедел түрде рәсімдеп берген. Сондай-ақ, Ержаннның қолына паспортын қайта жасау үшін Омбыдағы консулдыққа дейін жетуге анықтама ұстатты.
Nurkz
11 тамыз 2018 ж. 1 351 0