ЖАСТЫҚ ШАҚ – ЕРЛІК ЖАСАР ШАҚ
Қыран құстың қанатына мініп, көкте қалықтағандай, балалық шақта өмір белесінің бірі, жоғарғы оқу орнына түсіп, студент атану әрбір талапкердің үлкен арманы.Студент деген сөздің өзі «ізденуші» мағынасын беретінін ескерсек, қай мамандықта болсын ізденушінің бос уақыты мен демалыс күндері сирек болғаны дұрыс. Мидың ең көп бөлшегі белсенді қызмет атқаратын 17-22жас аралығы барлық ілім-білімді санаға ұмытылмастай сіңіріп, тіпті жаңалық бекем белесжылдар болуы тиіс.
Дегенмен іздену мен ынтаны ғана негіз етпей, студенттік өміріңізді қызықты әрі көңілді өткізу өз қолыңызда. Студенттік шақ тәтті әрі ең қызықты шақ. Сіз өзіңіз келген жеріңіздегі таныс достардан бөлек, мұнда әр аймақтан келген жаңа достармен танысасыз. Жаңа таныстық, жаңа өмірге жол ашу. Ең қызығы олардың сөйлеу мәнері мен өзін ұстауы. Әдебі көңіліңізге көп өрнек қалдырары даусыз. Әрі өзгеше салт-дәстүр де елең еткізер. Бірақ уақыт өте келе оған да бой үйретіп, қарым-қатынас қағидалары сізді де өзгертеді. Бұл жамандыққа апаратын жол емес, жақсысын үйреніп, жаманынан жирену сіздің қолда.
«Жастық шақ-ерлік жасар шақ» деп француз жазушысы Мари-Анри Бейль айтқандай, бұл кезеңде адам өткір де өжет болады. Кейбір істің соңын ойламай қалатын көзсіз батырлыққа да баратын кез бұл. Дегенмен, бүгінгі студенттің жәй-күйі қалай? Әсіресе бүгінгідей демалыс мезгілін маңыз беріп жүрміз бе?
Қазіргі студенттер еңбекке ерте араласып кетеді. Тіпті жазғы демалысын мәдениетті тынығудан гөрі қарбаласпен өткізіп жүргендер қаншама. Нарық заманында күнкөріс қамымен кез-келген жұмысты жасауға дайын. Ауыр жұмыстарға жегіліп, лас,жағдайсыз жерлерде жұмыс істеуге мәжбүр. Абайсызда от басып, бармақ шайнап қалғандары қаншама. Аталған кемшіліктердің алдын алу мақсатында аудандағы «Жасыл ел» бағдарламасының еңбексүйгіш жастарға тигізер пайдасы орасан. Себебі студент ақша табумен қатар, өз ауылын көркейтіп, көгалдандыру жұмысына зор үлесі қосып жүр. Жасақ мүшелерінің басым көпшілігі студенттер екен. Ал қалада не өзіне, не өзгеге пайдасы жоқ жұмыс жасап, уақытын мақсатсыз өткізудің жас өмірге тигізер пайдасы шамалы деп едім. Көпке топырақ шашудан аулақпыз, демалысын сәтті пайдаланып тіл үйрену курстарына қатысып немесе өз жанұясының шаруасына көмектесіп жатқандары да баршылық.
Жалпы, студент жастар жазғы демалысын қалай өткізіп жатыр және қалай өткізген дұрыс? Осыған орай, білімгер құрбыларымның пікірлерін жариялауды жөн көрдім.
Əлкеева Бейбіт Азамбекқызы. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенті:
Əдетте, əрбір оқу жылы аяқталған сайын, ЖАЗ айларында миымызды тынықтырамыз деп, зейінімізді төмендетіп, ынтамыздан айырыла жаздап жатамыз. Меніңше, ізденуші мамандығы бойынша теориялық кітаптар оқымаса да, рухани ой-өрісін кеңейту үшін жалпы əдеби, философиялық дүниелерге зер салуды ұмытпаған жөн. Мəселен, маусым айында бастау алған демалысымда Астана театр фестивальдерін көріп, соңында көргендерімнен мақала жазып қорытындыладым. Театртану мамандандыруында білім алатын маған, бұл шаралар үлкен тəжірибие болды. Шілде айын діни жəне əдеби кітаптар оқуға арнадым. Зейнеп Ахметованың "Бабалар аманаты" кітабын, "Дін жəне Ғылым. Ислам ақиқат көзімен қарағанда", "Кемелдік кілті" жəне бірнеше аударма шығармаларды оқыдым. Келесі оқу жылын ақ парақтай таза баспен бастаймын деп ойлап, білімге қатысты барлық дүниенің бетін жауып қою, қателік. Керісінше, тағы бір жылға ілгерілеген білім деңгейіңнің өзіңе лайықты болуын қадағалаған дұрыс.
Аяулы Қуаныш, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті:
– Жазғы демалыс әрбір студенттің сағына күтетін уақыты. Менің қатарластарымның басынан көбі демалысты жұмыс жасаумен өткізсе, енді бірі жаздық кредиттерін өтеп оқиды. Меніңше жұмыс жасаған да дұрыс деп ойлаймын. Кейбір отбасы студентке қажетті қаражатты тауып бере алмайтын жағдайларда болады. Сол уақытта үйіне қолғабыс жасаса еш айыбы жоқ. Менің демалыс күндерім ауылда ата-анамның қасында өтеді. Тәжірибиелік сынақтан өту мерзімі тағы бар. Қолым босай қалса уақытымды ата-анамның жанында өткіземін. Бұл ата-анаға көмек,серік.
Арай Жұматай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті:
– Студент болғандықтан, жазғы демалысымды үш кезеңге бөліп өткізгенді жөн санаймын. Мәселен, алғашқы айды өндірістік тəжірибеге арнап, газет-журнал редакциясында тəлімімді шыңдадым. Екінші бөлімде бір ай еліміздің тарихи нысандары мен табиғи орындарымен таныстым. Жылына бір рет болсын жаңаны танып-білу мақсатында саяхаттағанды құп көремін. Биыл Қазақстанның батысы мен солтүстік, оңтүстік аймақтарында болдым. Ал үшінші бөлімді білімге арнаймын.Кітап оқып, мəдени шараларға қатысу арқылы рухани толысамын. Əрі, қосымша қызмет етіп, жиған-тергенді кәдеге жаратамын. Өзге де студенттерге демалыс уақытында азбен шектелмей, біраз іс тындыруға кеңес берер едім. Меніңше, адам тынбай білім алумен қатар, тынығып та үлгеруі тиіс. Мұндай демалыстың əр студент үшін пайдасы мол деп есептеймін.
Әр алуан пікір. Бірақ бәріне тән ортақ мақсат – білімге құштарлық. Білімсіз жарқын болашақ жоқ. Мұны барлығымыз да пайымдайтын деңгейге жеттік. «Дүниенің кілті – білімде» деп ата-бабамыздан білімнің пайдасы ұрпаққа аманат болып келеді. Ал оны әркім өз хал-қадірінше іздеп табады. Тек ақылымыз зор болғай!
Малика НҰРМАХАН.