№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТІС АУРУЫ: науқастар саны неге көбейді?

ТІС АУРУЫ: науқастар саны неге көбейді?

Адам денсаулығының бір негізі тіс саулығында. Себебі, ауру тістер жүрек-қан тамырлар ауруына, асқазан-ішек жолдарының бұзылуына және т.б әсер етеді. Осы тұста ауданда тіс ауруы ахуалын зерттегенде тіс дәрігерлерінің алдында кезек үзілмейтінін көрдік. Тіптен, бір айда бір стоматолог маманына 250-300 адам қаралады екен. Мемлекет басшысының«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында аурудың алдын алу маңызды екені айтылды.   Осы ретте, аудандық емхананың тіс дәрігері бөлмесіне барып, біраз мән-жайға қанықтық.
Дерті жанына батқан науқастар таңертең ерте келіп, кезекке тұратын көрінеді. Күніне бірнеше адам кезек санын құрағанымен, дәрігердің қабылдауына 20-25 адам кіре алады. Сондықтан науқастың көбі жекеменшік тіс дәрігеріне жүгінсе, енді біреулері Түркістан қаласындағы тіс емдеу емханаларын жағалауға мәжбүр. Таңсәріден кезекте отырған жанның бірі зейнеткер Наушагүл Маханқызын әңгімеге тартқан едік: «Немерем не бәрі 4 жаста. Осыған дейін 2 рет тіс жұлдырдық. Бүгін үшінші тісі ауырып, түнімен ұйықтамаған соң алып келдім. Жетпіске келсем де тістен зардап көрмеген екем. Баламның қиналғаны жаныма батады», – дей­ді қария.
Апаның пікірінше, табиғи тағамды тұтынғандарды тіс ауруы мазалай бермейді. Расында  қазақ халқының парасатына таңданбау мүмкін емес. Үнемі құрт, айран, ірімшік секілді сүт өнімдерін пайдалану адам ағзасында калций қорын молайтатынын ерте заманнан білген ғой. Ал,қазіргі жас балалар құрт сора бермейді. Құрт – тістің түбін қатайтады. Қызыл еті мен таңдайға массаж жасайды. Әрі калций, фтор, темір секілді түрлі витаминге бай.Міне, ата-әжелеріміздің бірде-бір тісі құрттамай өмірден өтетінінің сыры осы.   Бұл ойды стоматолог-дәрігер Бибігүл Матешова қуаттап:
– Стоматология ілімі дамыған сайын аурудың жаңа түрлері пайда болуда. Негізінен, адам ағзасына калций мен фтор жетіспеуінен тіс аурулары көбеюде. Тіс ауруының алдын алу үшін баланы құрсақта жатқанда індеттен қорғауымыз қажет. Ол үшін дәрігер тағайындаған түрлі витаминдер мен калций түзетін дәрілерді уақытында қабылдау керек. Жатырда жатқан бала дамыған сайын қажетті минералын алмаса, калцийді өз деңгейінде қабылдамаса бала 6 жасқа дейін түрлі тіс ауруымен ауырады, – дейді дәрігер.
Тіс жегісі ауыз қуысының дұрыс тазаланбауынан болады. Сондықтан, күніне әр тамақтанғаннан соң, тісті мұқият тазалаған жөн. Жасөспірімдер мен ересектерде кездесетін қызылиектің ісіну, іріңдеуі және қанауы темекі, насыбай және кальян тұтынудан пайда болады екен. Мұздай шырынды сусын тістегі нерв жүйесін тітіркендіріп, сезімталдыққа ұшыратады. Ауруы әбден асқынғанда дәрігерге келетіндердің арасында қауіпті жағдайлар жиі орын алады. Мәселең, қант диабеті немесе гемофелия ауруымен ауыратындарға тіс жұлдырғанда қан кету қаупі жоғары. Аталған аурулар жыл сайын жасарып бара жатқанын айтқан дәрігер, 6-10 жасар балаларда тіс жұлу қиындағанын түсіндірді. Егер қан тоқтамай, науқастың өміріне қауіп төнсе, дер кезінде тиісті шара жасалмаса, қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін.
Тіс дәрігерінен соғыс арда­герлеріне, жүкті аналар, көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін ем алуға мемлекет тарапынан қолдау бар. Мұнда келушілердің көбі осы санаттағы тұлғалар.
Жергілікті халық тіс ауруына қоршаған ортаның ластануын себеп етеді. Ауыз судың тіс аурына қандай залалы бар? Қай ауылдың тұрғындары тіс дәрігерлеріне жиі келеді?
Осы сауалдарға «Дентомед» ЖШС-нің білікті тіс дәрігері Сайлаукүл Есенбекова былай деп жауап берді.
– Біз тіс ауруының қай түрі болмасын емдеуге мүмкіндігіміз мол. Басшымыз Амангелді Набиев мамандардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе жинақтауға, заманауи қондырғылармен жұмыс жасауға қолдау беруде. Сондай-ақ, қажетті дәрі-дәрмек мен құралдар жеткілікті, – деп бастады сөзін.
Мұнда тіс ауруына шалдыққандар тізімінде Кейден, Жаңарық, Байкенже ауылының тұрғындары жиі кездесті. Оның көпшілігі мектеп жасындағы жасөспірімдер екен. Мұның себебін сұрағанымызда:
– Жасөспірімдерде негізінен өтпелі кезеңде тісінің ісінуі қалыпты жағдай. Мұны түсіндіру үшін ауданның барлық мектептерінде арнайы шаралар өтіледі. Тіс аурына негізгі себеп – тазартылмаған ауыз суды қолдану, – дейді тіс дәрігері.
Маман пікірінше, тіс ауруының пайда болуына ауызсудағы фтордың жетіспеушілігі де әсер етеді екен. Тістердің мүжілуі, сынуы фторға байланысты болғандықтан үйде суды қайнатып, оны тұндырып, дәкемен сүзіп ішу қажет. Тұрғындардың көпшілігі жер асты суын тазартылмастан пайдаланатындықтан тістің түрлі аурына шалдығады. Тіс қуысында тастың жиналуы да жер асты суының құрамында тас болуынан екен.
Түйін. Біз тіс дәрігерлерінің пікірінен тіс аурына түрлі факторлар әсер ететінін білдік.  Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін әбігерге салған аурудың алдын алып, оған әсер етуші жағдайларды түбегейлі зерттеу қажет етеді. Елбасы айтқандай, мемлекет үшін ең құнды дүние – халық денсаулығы.
Мақпал МАРҚАБАЙ.
05 тамыз 2018 ж. 2 203 3

Гость Jeahulalf от 11 ақпан 2019 08:48
Viagra Seguridad Social Sildenafil Ligne viagra vs cialis Pill Small Order Brand Cialis Online

Гость Jeahulalf от 3 наурыз 2019 15:26
Stendra Sale Generic Pyridium Tab Free Shipping Dumfries Viagra Toronto Store levitra 20 mg bayer Natural Remedies For Ed Triameterene For Sale

StevBlubof от 8 мамыр 2019 07:46
Ciprofloxacine Pommade Where To Buy Tamoxifen Online cialis 5mg best price Priligy 30 Cialis Mudigkeit Is Zithromax A Strong Antibiotic