№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БОС ЖҰМЫС ЖӘРМЕҢКЕСІ

БОС ЖҰМЫС ЖӘРМЕҢКЕСІ

Аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жиі өтеді. Жыл басынан бері сегізінші рет ұйымдастырылған жәрмеңке аудан тұрғындарына 181 жұмыс ұсынды.
Жұмыс іздеген жаңақорғандықтармен біз де мекемеге жол тарттық. Жауапты сала мамандары алдымен жұмыс іздеушілерге түсіндірме насихатын жүргізді. Аңғарғанымыз, сұраныс жолдаған мекемелер қарапайым жұмысшы мен шаштаразшыға көбірек көңіл бөліпті. Ақпараттық жүйеге көшкелі жұмыс берушілер келуге міндетті емес. Яғни, веб-сайт арқылы тіркеп, қажетті мамандарды мекеме арқылы қабылдай алады. Мәселен, дара кәсіпкер «Несібе» сегіз шаштаразшы керек деп сұраныс жіберіпті. Ал, «Заңғар» сауда үйі 10 жұмысшы жетіспейтініне байланысты сұраныс беріпті. Оның ішінде, даяшы, аспазшы, еден жуушы және қарапайым жұмысшы керек делінген.
Орайы келгенде айта кетейік, Солтүстікке көшу бойынша да «Жұмыспен қамту орталығы» өтініштерді қабылдай алады. Шалқия кентінің тұрғыны Сәуле Мәлікқызы бағдарлама аясында Солтүстікке көшуге ниет танытып, баруға қам жасауда. Мән-жайды естігеннен кейін, жұмыс іздеушімен сөйлесіп көрдік.
– Шыны керек, Солтүстік өңірге көшу туралы шешімді бірден қабылдай алдым. Себебі, қай өңірде болмасын елдің дамуына үлесімді қоссам деймін. Өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Теріскейге көшудің екінші бір себебім балаларымның келешегін сол аймақта қалыптастырып, кішкентайда болса қазақы салт-дәстүрді ұмытылмауына жәрдемім тисе екен. Алайда, баруға кедергілер шығып жатқаны жасырын емес, – деді пән мұғалімі. Расында, баруға ынталы жандарға демеу танытқан жөн-ақ. Қазір ол өңірде Жаңақорғаннан екі отбасы қоныс аударып, қызмет етуде.
Қорыта айтқанда, қазір екі қолға бір күрек табылатын уақытта ата-ананың етегінен ұстап, ата-әженің зейнетақысына қарау өте ұят жайт. Әрине, жастарды да түсінуге болады. Диплом бар, бірақ тұрақты мамандық болмағаннан кейін сарсаң күйге түседі. Бір сөзбен айтқанда, мемлекетке қол жайып, жұмыс сұрағаннан еңбек ете білген жөн-ақ...
Әлібек ТЕМІРБЕК.
24 шілде 2018 ж. 955 0